Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2898 0 пікір 24 Желтоқсан, 2010 сағат 06:07

Көкшетау полицейлері шетелдік көлікті ұрлап кеткен ресейлікті ұстау үшін қару қолданды

Көкшетау. 24 желтоқсан. ҚазТАГ - Көкшетау қаласының полицейлері Toyota Surf көлігін ұрлап кеткен Омск тұрғынын тоқтату үшін табельдік қару қолданды, деп хабарлайды Ақмола облысының ЖПБ.

«Өткен бейсенбі күні сағат 19-да ЖПБ кезекші бөліміне бір адам хабарласып, 10 минут бұрын Көктем дүкенінің тұрағынан оның Toyota Surf көлігі ұрланғанын хабарлаған. Полиция «Перехват» жоспарын жариялады, - деп хабарлайды ведомство.

10 минуттан кейін көлік Көкшетау - Щучинск жолына шықты. 195 шақырымда Toyota жүргізушісі бекет кезекшісінің тоқтау туралы талабын елемеген. Полицейлер оның соңына түскен.

«Бірақ жүргізуші полиция көлігін итеріп, апатты жағдай жасап, озуға мүмкіндік бермегендіктен, тәртіп сақшылары табельдік қару қолдануға мәжбүр болды. Ескерту ретінде екі рет оқ атқан полицей машинаның алдынғы сол жақ шинасына оқ атқан», - деп хабарлайды ведомство.

Көлікті ұрлаған РФ азаматы, Омск қаласының 42 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол Қазақстанға 16 желтоқсанға келген. Оның айтуынша, Көкшетауда оның туыстары тұрады.

Ұрланған көлік 20 минуттың ішінде ұсталды, деп хабарлайды облыстық ЖПБ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371