Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2781 0 пікір 24 Желтоқсан, 2010 сағат 06:32

Ермек Қарабала. Қазаққа шетелдің салпыншақтары қалай келеді?

Жақында еліміздің ақпарат агенттіктері мен басылымдары «Продюсер Қыдырәлі Болманов «Әлемдік дәрежедегі наградаға ие болды», «Қыдырәлі Болманов Патшайым Викторияның медалін алды» деп дүрлікті. «Е-е, дұрыс болған екен», деп қуанып та үлгермеп едік, артынан қазақтың бес-алты азаматы да дәл әлгіндей салпыншақтарды тағып келіпті. Зерттедік...

Мысалы, Қыдырәлі замандасымызбен қатар осындай награданы қызылжарлық бизнесмен Екпін Әбиев те алыпты. «Қазақпарат» таратқан хабарда ол турасында былай делініпті: «Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданының кәсіпкері Екпін Әбиев Ұлыбритания патшайымы Викторияның атындағы ағылшын марапатына ұсынылды. Бұл туралы ол Еуропа бизнес-ассамблеясы бас директорының тапсырмасымен жобаның үйлестірушісі жазып жіберген хаттан хабардар болды. Құжатта: «әлеуметтік бағдарламаларды енгізуде және ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуда жоғары дәрежеге ие болған Сіздің қайырымдылық және қоғамдық қызметіңізді сараптай келе, Еуропа бизнес-ассамблеясының Ұлттық комитеті (Оксфорд, Ұлыбритания) Сіздің кандидатураңызды патшайым Викторияның атындағы бірегей медальмен марапаттауға ұсынуды қажет деп тапты», - делінген».

Қазбалай келе дәл осындай «бақыт хатын» «Казчермет» кәсіпорынының басшысы Ермек Жақаевтың да алғанын байқадық. Нобайы он шақты адам екен...

Ойбай-оу, бұл не деген батпанқұйрық дедік! Қазақтар Еуропаны, оның ішінде Англияны қарық қылатындай не бітіріпті деп тағы ойландық. Сөйтсек, Патшайым Виктория медалі ("Queen Victoria Commemorative Medal") мен алқасы 999,9 сынамалы алтынмен апталған бағалы металдан жасалған. Орденнің ілме алқасында патшайым Викторияның жүзі бейнеленген сегіз  шағын медальон мен награданың артқы бетінде бейнеленген вензелден тұрады екен. Оны жылына бірнеше рет «халықаралық имидждік» «Лидеры XXI столетия» бағдарламасының аясында тапсыратын үкіметтік емес ұйым бар. Оның басшысы Джон В. Неттинг деген азамат көрінеді.

Аталған ұйымның сайтына (http://www.ebaoxford.co.uk) кірсек мұндай ұйымдар мен салпыншақтардың түр-түрі бар екен. Мысалы, қазақ ректорларының жартысынан көбінің визиткасында жүретін «Международный клуб Ректоров (CRE)» деген бірлестіктің артында осы Неттинг деген тұр екен. Ұйымның сайтына кірсеңіздер қалауыңызша «Международный клуб лидеров», «Международный корпус офицеров», «Международный рыцарский орден», «Европейская бизнес-академия», «Венский бал», «Кавалерский рыцарский орден Великого магистра ла Валетта», «Оксфордский саммит лидеров» тағы да басқа көптеген ұйымдардың белсенді мүшесі болуыңызға толық мүмкіндік алады екенсіз. Ал, егер салпыншақ қажет болса, онда мыналардан таңдай беріңіздер: «Сократ», «Патшайым Виктория», «Біріккен Еуропа», «Еуропаның ең үздік кәсіпорыны», «Еуропалық сапа», «Алтын Меркурий», «Алтын ягуар», «Мыңжылдық наградасы», «Ұлт зердесі» т.б.

Яғни, сіз визиткаңызға белгілі бір ұйымның мүшесімін деп жазғыңыз келсе, оның салпыншағын тағамын, дипломын кеңсенің қабырғасына ілемін десеңіздер жаңағы Неттингке не оның серіктестеріне хабарласып ниет білдіресіздер. Артынан сізге де «бақыт хаты» келеді. Бір ғана талап: сол салпыншақтың, оған қоса берілетін дипломның, оларды тапсырарда жасалатын банкеттің қаражатын төлесеңіздер жетіп жатыр. Әрине, ол сіз бен біз үшін ғана. Бәлкім, Неттинг пен оның серіктестері жоғарыда аталған елге еңбегі сіңген азаматтардың қажырлы еңбегіне тәнті болып, оларға сөлкебайларын мүлдем тегін тапсырған да болар. Ол жағын білмейміз.

Өзіміз осы «Патшайым Викторияның медалін» алуға «құштармыз» деген кезде бізге үш беттік хат келді. Хатқа тіркелген анкетаны толтырып, есеп-шотымыздың нөмірін, төлемді қалай жасайтынымызды көрсетсек жетіп жатыр екен! Содан соң жауабымызды сайтта көрсетілген ұйымның 10 бөлімшесінің біреуіне жіберу керек екен. Ұйымның бөлімшелері Ұлыбританияда, Ресейде, Украинада, Вьетнамда, Нигерияда, Мальта аралында, Ирак, Гана және Польшада орналасқан сияқты. Байқауымызша, дәл осы елдердің азаматтары «әлемдік дәрежедегі наградаларды», «халықаралық ұйымдардағы мүше болуды», «салпыншақ пен сөлкебай тағуды» жақсы көретін сияқты. Жақсы көре берсін, ал біз арзан салпыншақтар мен сұрықсыз сөлкебайларға қаражатымызды қиғымыз келмеді...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5372