Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2828 0 пікір 24 Желтоқсан, 2010 сағат 08:49

Экс-премьер Ахметов экоэнергетика саласындағы компанияның басшылығына тағайындалды және оның саясатқа оралмақ ниеті жоқ - БАҚ

Алматы. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, соңғы уақытта қорғаныс министрлігін басқарған Даниал Ахметов экологиялық энергетика саласындағы компанияның басшылығына тағайындалды және оның саясатқа оралмақ ниеті жоқ. Ол алдағы жоспарларымен «Свобода слова» газетімен бөлісіпті.

«Алдағы жылға жоспарларыма келсек, айтарым: саясатқа оралмақ ниетім жоқ. Мен енді нақты іспен айналысамын. Маған ұсыныс түсті, мен одан бас тарта алмадым және ол жерде өзімді кәсіби сезінемін. Мен экологиялық энергетикамен айналысатын ірі жеке меншік компанияны басқарамын», - деді Д.Ахметов.

Сондай-ақ, ол 2010 жылы өз өмірінде «күрт өзгерістер орын алғанын», бірақ ол «мұны өмірдегі бақытты өзгерістер» деп қабылдайтынын айтты. «Мен балаларыма, достарыма, туыстарыма жақындай түстім. Бұрынғы қызметім маған мұндай мүмкіндік бермейтін. Мен өз курстастарымен кездесіп, балалық шақтағы достарыммен құмарым қанғанша әңгімелестім».

Бұрынғы шенеунік қазір салауатты өмір салтын ұстанатынын мәлімдеді. «Сүйікті спорт түрі – велоспортпен айналысамын. Бұл мені қуантады... Өз денсаулығыңа көңіл бөлу керек. Еркіндікті велосипедтің рулінде ғана сезінуге болады!», - деді ол.

Сондай-ақ, ол алыпқашпа сөздерді жоққа шығарды. Қызметтен кеткен соң мен атып өлмек болдым деген сөз өтірік. Көріп тұрғаныңыздай, аман-саумын. Мұның бәрі - жаман ниеттілердің ісі», - деді Д. Ахметов.

Бірақ ол қорғаныс министрлігінің бұрынғы шенеуніктері сотталған аты шулы қылмыстық іске қатысты түсініктеме берген жоқ. «Өз қарамағымда болған Қажымұрат Мейірмановтың, Қазақстан қарулы күштерінің зымыран әскерлерінің және артиллериясының бұрынғы қолбасшысы Еділ Жартыновтың және Израиль азаматы Борис Шейнкманның үстінен сот амалына қатысты әзірге түсініктеме бергім келмейді. Мен жас емеспі, ерте ме, кеш пе, әділдік жеңеді деп сенемін...», - деді бұрынғы қорғаныс министрі.

Д.Ахметов 2003-2007 жылдары Қазақстан үкіметін басқарған, 2007 жылдың қаңтарында қорғаныс министрі болып тағайындалды, 2009 жылдың маусымында президент оны министр қызметінен босатты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371