Жарнама нарығы...
2013 жылдан бері елдегі жарнама нарығы жылына 7-9% аралығында құлап келген. Биыл өсім бар. TNS Central Asia мәліметі бойынша 2016 жылы жарнама нарығы 38 млрд теңгені құрапты.
Мұнда газеттер, журналдардың үлесі ең қатты (38%) құлаған екен. Телевизия 3,5% төмендеген. Ал интернет сегмент керісінше 38% өсім көрсетіпті. Яғни, бұл тренд түсінікті. Әрине, көлем жағынан 4,1 млрд теңге ғана болса да алда бұл цифр тек өсетін болады. Интернет сегмент ішінде де бәсеке артып келеді. Әлеуметтік желілер сайттардың үлесін жыл сайын алып отыр.
Айтпақшы, елімізде 2016 жылы фейсбуктың қолданушылары 5% азайып, 25,2% көрсетіпті, ал инстаграм болса қайта 40% өскен, сөйтіп интернет аудиторияның 46,1% аккаунт бар екен. Қысқасы, қаражат үшін тартыс, бәсеке артпақ.
Руслан Желдібай
Facebook-тегі парақшасынан