Синоптиктер сенбі күні республиканың шығысы мен орталығында бұрқасындатып, батысында – тұман түсіп, көктайғақтанады деп болжап отыр
Алматы. 25 желтоқсан. ҚазТАГ – Сенбі күні Қазақстан территориясының басым аумағында атмосфералық тұтас ағым ықпал етеді, деп хабарайды ТЖМ:
Шығыс Қазақстан облысында бұрқасындатады, кей жерлерде желдің жылдамдығы 17-22 м/с болып, екіпіні 25-28 м/с болады. Павлодар облысында, түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жел тұрады. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақтанады, Оңтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жел тұрады, Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің екпіні 28 м/с-қа жетеді. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, түнде Қостанай мен Қызылорда облысында көктайғақ болады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның өзен-көлдерінде мұз қату үдерісі жалғасады, жекелеген өзендерінде, оның ішінде Сырдария мен Ертісте мұз тоспалар пайда болуы себепті су деңгейі көтерілуі ықтимал.

Ауа райының болжамына сәйкес, желтоқсанның 25-31-і аралығында республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде кезеңнің басында қар жауып, ауа температурасы төмендей береді. Кезеңнің аяғында еліміздің шығысы ашылады, деп хабарлайды ТЖМ.
Кезеңнің басында орталықта аздап жауын-шашындатып, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Еліміздің солтүстік-батысында кезең бойына жауын-шашын болады деп болжануда. Кезеңнің басында еліміздің оңтүстік-шығысы, оңтүстігінде аздап ауа температурасы төмендеп, жауын-шашындатып, кезең соңына қарай ашылады. «Ауа райының бұлайша қалыптасуы күзгі дақылдарға ешқандай әсері болмағанмен мал жайылымындағыларға қиындық тудырады», - деп хабарлайды мекемеден.