Премьер Түркияда «Атамекеннің» филиалын құруды тапсырды
Астана. 28 желтоқсан. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Сейсенбі күні үкіметтегі селекторлық кеңес барысында ҚР премьер-министрі Кәрім МәсімовТүркияда «Атамекен» кәсіпкерлер одағының филиалын құруды және сәйкесінше Қазақстанда түріктің осындай филиалын құруды тапсырды.
«Мен өткен аптада Түркияда болдым. «Атамекеннің» сол жақтағы аналогы - Түркияның сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен кездестім. Олар Түркияның өндірістік компанияларының Қазақстанға келуіне үлкен қызығушылық танытып отыр. Мынадай ұсыныс бар: «Атамекеннің» Түркиядағы филиалын және Қазақстанда да Түркияның осындай филиалын құру керек», - деді К.Мәсімов «Атамекен» басшысы Азат Перуашевке қаратып айтқан сөзінде.
Премьердің айтуынша, бұл Қазақстандағы индустрияландыруды дамыту үшін қажет.
«Мен индустриалды аймақта болдым (Анкарада - ҚазТАГ ). Шынын айтқанда, ол мені таң қалдырды. Түркияның өндірістік әлеуеті бар деп елестетпеген едім», - деді үкімет басшысы.
«Ұзаққа созбай, олармен байланысқа шығыңыздар» - деп тапсырды К.Мәсімов А.Перуашевке.

Бұрын хабарланғандай, К.Мәсімов 24 желтоқсанда Түркияға сапары кезінде Түркияның Қазақстан үшін табысты индустрияландырудың мысалы болғанын айтқан болатын. ҚР премьері Анкарадағы индустриалды аймақтың тұсаукесеріне қатысып, жергілікті кәсіпкерлерге жасалған жағдайлармен танысқан соң осындай пікірімен бөліскен.