Жұма, 22 Қараша 2024
3866 1 пікір 30 Қаңтар, 2018 сағат 10:05

Душанбеліктер Кабулдағы теракт құрбандарын еске алды

Тәжік астанасының тұрғындары Ауғанстан елшілігі алдына барып, өткен сенбіде Кабулдағы теракт құрбандарына арнап гүл шоқтарын қойды. Жарылыстан 103 адам қаза тапқан. Олар маршал Фахим атындағы әскери академия маңында теракт жасаған содырларды айыптады.

27 қаңтарда жанкешті Ауғанстан астанасында үкімет үйі орналасқан маңда тұрған "жедел жәрдем" көлігін жарды. Жарылыстан 235 әскери мен өтіп бара жатқан адамдар түрлі жарақат алды. Жарылысқа жауапкершілікті "Талибан" қозғылысы алды. 28 қаңтарда Ауғанстанда ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Ауғанстан елшілігі маңына ондаған қала тұрғындары мен журналистер, дипломаттар жиналды. Жиналғандардың ішінде АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігі өкілі Джеф Руденур де болды. Ол ауған әріптестеріне көңіл айтты.

Осыған дейін Ауғанстанның TOLOnews телеканалы мен Reuters агенттігі жергілікті уақыт бойынша таңғы бесте, шабуыл болған кезде Әскери академия жанында атыстың дауысы естілді деп хабарлған.

Шабуылға жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" тобы алды деп хабарлаған Reuters агенттігі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5319