Президент Астанадағы Әулие Успен кафедралды соборына келіп, Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады
Астана. 7 қаңтар. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні Астанадағы Әулие Успен кафедралды соборына келіп, Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлады президент баспасөз қызметі.
Президент Рождество мерекесі барлық дін ұстанушыларды мейірімділікке, сүйіспеншілікке және жарқын болашаққа деген ізгі үміттерге бастайтынын атап өтті.
«Бүгін бұл мерекені православ христиандармен бірге барша қазақстандықтар қарсы алады. Көпұлтты Қазақстанда алуан түрлі дін өкілдері бір-бірімен татулықта өмір сүріп келеді, біз көптеген діни мейрамдарды бірге атап өтеміз. Бұл біздің ұлы жетістігіміз, басты құндылығымыз. Өз азаматтарының діни наным-сеніміне мемлекет тарапынан жасалып отырған құрмет пен қамқорлық - еліміздегі конфессияаралық келісімнің маңызды шарттарының бірі. Қазақстан - мұсылмандардың Құрбан айт мейрамының алғашқы күні мен Рождество мерекесі демалыс күндері деп танылған жалғыз мемлекет. Бүгінде біздің еліміз дінаралық және этносаралық татулық пен үнқатысуды қолдаудың өнегелі үлгісін көрсетіп отыр, - деді Н.Ә. Назарбаев, деп жазады баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, бақыт пен береке тіледі. Сөз соңында Елбасы соборға шағын автобус тарту етті.

2005-ші жылы заңнамаға енгізілген өзгертулерге сай, Қазақстанда мұсылман күнтізбесімен атап өтілетін Құрбан айттың алғашқы күні мен 7-ші қаңтарда атап өтілетін - православтік Рождество - демалыс күні деп саналады.