Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3178 0 пікір 9 Қаңтар, 2011 сағат 17:56

Биыл - Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы.

Биыл - Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы. Қазақтың ғасырлар бойындағы күрестері мен шайқастарымен, сан мыңдаған боздақтың жанпида шаһиддығымен келген ең қастерлі, ең аяулы, баға жетпес байлығымыз - Тәуелсіздік.

Қазіргі кездегі кейбір азаматтардың қазақтың мемлекеттілігі 1991-нші жылдан басталады деген жаңсақ түсінігін қазақ тарихы, уақыт және Тәуелсіздіктің түп иесі қазақ халқы жоққа шығаратыны хақ.

Беріден бастағанның өзінде өткен ғасырдың басындағы Алашорда ұлттық территориялық автономиясынан кейін 1991-нші жылы қазақ халқы түбегейлі Тәуелсіздікке қол жеткізді.

Жоғарыдағы суреттер Тәуелсіздікпен аңсап келіп қауышқан сәттердегі сол кездегі, бүгінгі биліктегі азаматтардың бейнесін, әрекетін көрсетеді. Ең бастысы - Тәуелсіз мемлекетіміздің басты әрі мызғымас нышандары - мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңбаның қабылданған сәттеріне куә етеді.

Тәуелсіз Қазақстан жасасын!

Фотограф Шүкір Шахайдың суреттері

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 824
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 3067
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 2093