Біз қалай тыныш ұйықтаймыз енді?
Өзін моншаға шақырған кәсіпкер қазақ, бірер ауыз әңгіме қозғағаны-ақ сол екен, бұрыннан Қазақстан туралы азды-көпті хабары бар Бейжін шенеуінігі өз тілінде зулай жөнелді.
"Қазақтар бізбен көршілес тұратын аз ғана халық, ғайыптан тайып соншама үлкен жер аумағына ие болған, бірақта олардың осыншама жерге иелік етуіне ешқандай да моральдық құқы жоқ.
Бұл әділетсіздік! Бұл жерде бір қателік бар және оны түзету керек",-деп бейжіндік шенеуінік өзеурей сөйледі.
"Неге? Қалайша бұлай сөйлейсіз? Олай емес! Сіздікі дұрыс емес!"- деп, жауап қайтарған болды таңданған үрімшілік кәсіпкер қазақ.
"Менің сөзімнің қай жері дұрыс емес?" - деп масаңси шалқақтады, сәл қызыңқыраған бейжіндік. "Олардың қандай құқығы бар, осыншама ұланғайыр жерді иемденуге, егерде, шалқыған байлығы бар жерді игеру қолдарынан келмесе? Өз пайдаларына жарата алмаса? Аспаннан тускен осыншама байлықты пайдалана білмесе?
Олардың тіпті болашағы жоқ, себебі, олар өздерінен өздері ұрлайды, өз ұрпағынан ұрлайды, өздерінің болашағын ұрлауда. Хайуанаттар әлемінде де олай істемейді. Олар өздерінің орасан бай елін тонап болды. Және "аз-мұз" дегендей, бізде қамсыз қалып жатырған жоқпыз.Бұл қазақтар тәуелсіздік алған ширек ғасырдан астам уақыт ішінде қалыпты, тәуелсіз және экономикалық тұрғыдан өзін-өзі қамтамасыз ететін күшті мемлекет. құра алмады. Оларда сырттан басқаруға тәуелділік бар. Ерте ме, кеш пе, біз осы басқарудың тізгініне ие болармыз. Бұл процесс біртіндеп жүріп жатыр, қазірдің өзінде көптеген әртүрлі кенорындар, компаниялар мен жекелеген меншіктер сатылып алынуда. Біздің меншігімізде, жалған, үшінші тараптар арқылы алынған дүниелер бар. Бірақ көрші елге қайтпастай кірудің ең маңызды кезеңі, ондаған, жүздеген миллиард долларға қарыз беріп, қайтаруға өте қиын болатын кезде басталады. Содан кейін біз олардың жерін ұзақ мерзімді жалдау кезінде қысым жасауға тырысамыз, болмаса сатып аламыз, керек болса, қайтара алмастай өсе беретін қарыздары үшін ғана алатын боламыз.
Ол елде, әсіресе олардың лауазымды адамдарының арасында, әрқашан ақша үшін бізге көмектесуді қалайтындар табылады! Олар өз жерін қалай және қаншалықты пайдаланғысы келетінін білмейді. Оларға жер не үшін керек? Біздерде әрдайым жерге мұқтаждық туындап тұрады . Ақшаға оларда жүрегіңнің қалағанын сатып алуға болады. Шенеуніктерімен келіссөздер жүргізу оңай, олар бағасына келіссе, өз анасын болса да, сататын түрлері бар! Қалағаныңызды екі рет түсіндірудің қажеті жоқ. Ұшқанды сол күйі қағады! Жеті қат жер астындағы ақшаның иісін сезінеді! Бізде, қытайлықтарда, қолымызға түскен нәрсені кері қайтару әдеті жоқ. Бұл біздің ережелерімізден емес. Кейбір жағдайларда бұл мәселені мәжбүрлеп шешуге болады, әсіресе, олардың өздерінің ұлы елін қорғай алатындығына күмәнді екенін айтпағанның өзінде. Олардың армиясы тек қарусыз адамдармен ғана күресуі мүмкін.
Айтпақшы, Ресейде бұл процестер жүріп жатыр. Біз онда көптеген жерлерді жалға алдық. Олар нағыз ашық ауыздар! Жерді жалдауға бердік деп ойлайды! Олар оны мәңгілікке берді! Оларда көптеген артық, қажетсіз жерлер бар. Ия, сондай-ақ ресейлік шенеуніктер өте ақылды және әмбебап, оларға екі рет түсіндірудің қажеті жоқ! Ақшаны өте жақсы көреді! Бәріне де дайын!"
Үрімшіден мен құлазыған көңіл-күйде оралдым. Егер бұл нәрселер жас бейжіндіктің аузынан шықса, онда мұндай әңгімелер Бейжінде жиі талқыланатынына күмән жоқ. Мен тіпті айналамдағы қытайлықтарға басқаша көзқараспен қарауды бастадым.
Содан бері бірнеше жылдар өтті және бұл мәселе біздің қоғамымызда күн санап, өзекті мәселеге айналуда . Биліктің саяси орашолақтығы мен тиімсіздігі, уақытты жоғалтуы мен мемлекет қаржысын есепсіз шашу арқасында керемет мүмкіндіктерден айырылуы бармақ тістетуде. Ең сорақысы билікті қайткен күнде де уыстан шығармау мақсатында "суға кеткен тал қармайдының" кебін киіп, Ата-бабадан қалған Қасиетті Отан - Ана - жеріміздің тағдырын саудаға салғысы келгені! Сата ма, әлде жалға бере ме, бұл таяқтың бір ұшы, ең маңыздысы Елдің тәуелсіздігі бәске тігілуде. Бұл соңғы сызық, оны аттап өту, Қазақстан азаматтарының тіліне, діліне қарамастан өз елдеріне мәңгі қонақ болуының іргетасының қалануы.
Ұларбек Дәлейұлының Фейсбуктегі парақшасынан алынды
Abai.kz