Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3079 0 пікір 9 Қаңтар, 2011 сағат 23:57

Азиаданың бейресми әнұраны

Ақпан айында алауы жанатын Азиада - Алматы мен Астана қалаларында байрағын көтеріп, бәсекелі жарысын бастап кетпек. Бұған дейін ұйымдастыру комитетінің басшылары ауысып тынған Азиаданың жалпыхалықтық дауысқа салынып, әнұраны да белгілі болғаны анық.

Алайда, халық таңдады делінген әнұран елдің көңілінен шықпады. (http://old.abai.kz/node/6120) Ал, халықтық дауыс берудің қалай өткенін біле алмадық. Бәлкім, Азиаданың басты әні үшін бөлінген қаржыны қалай болғанда да игеру керек болған шығар. Айтпақшы, ұйымдастыру комитетінің басшылығы аяқ астынан ауысып кеткені де түсініксіз болып қала берді.

Ағымдағы жылдың айтулы оқиғасы болғалы отырған Азиаданың әнұранын қоғам о баста анықтап қойған еді. Ол - Ерболат Құдайбергеновтің заманауи стилде орындайтын «Мен қазақпын» әні.

Ең әуелі бұл әннің сөзі қазақтың ұлттық болмыс-бітімін, тарихын, ұлттық мінезін, ерекшелігін паш етіп, ел жүрегінен орын алғаны туынды екені сөзсіз. Ал, Ерболат Құдайбергеновтің жаңаша машықта орындауы оның екінші түлеуі болды. Барша жастың көңіл төріне шығып, рухтандырды.

Ендеше, елдің тілегін есепке ала отырып, Abai.kz ақпараттық порталы «Мен Қазақпын» әнін қысқы Азиада ойындарының бейресми әнұраны етіп жариялауды ұсынады.

Арқалан, аруақтан Алаш баласы!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371