Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2537 0 пікір 10 Қаңтар, 2011 сағат 02:54

Қатты аязға байланысты ШҚО, Алматы мен Павлодар облыстарындағы автожолдар көлік қозғалысына жабық

Алматы. 8 қаңтар. ҚазТАГ - Қатты аязға байланысты ШҚО, Алматы мен Павлодар облыстарындағы автожолдар көлік қозғалысына жабық, деп ККМ және ТЖМ хабарлады.

«Ауа температурасының 32-37 граус, кей жерлерінде 42 градусқа дейін төмендеуінен 8-ші қаңтардың 18 сағатынан бастап 9-шы қаңтардың 7 сағатына дейін Шығыс Қазақстан облысының барлық бағыттағы және Павлодар облысының ШҚО-ға апаратын бағытындағы атвожолдар жолаушылар тасымалдайтын және дизелдік автокөліктер қозғалысына жабық», - деп ККМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, бұл шектеу Ленинский - Ақсу - Көктөбе - Большой Ақжар автожолының Ақсу - Көктөбе - Шығыс Қазақстан облысының шекарасы (34-220 км) учаскесіне; Омбы - Майқапшағай автожолының Лебяжий - Шығыс Қазақстан облысының шекарасы (526-587 км); Алматы - Өскемен автожолының «Рубеж» қосыны - Шығыс Қазақстан облысының шекарасы (558-615 км) учаскесіне қатысты.

Павлодар облысында ауа райының күрт суытуынан Павлодар Семей бағытындағы автожол 8-ші қаңтардың 18 сғатынан 9-шы қаңтардың 7 сағатына дейін көліктің барлық түрыне жабылды.

Көлік және коммуникация министрлігінің хабарлауынша, ауа райының нашарлығы себепті - ұйтқып соққан жел, қар суырмасы, бұрқасын, жолдағы көріну қашықтығының нашарлығы салдарынан Алматы облысындағы Үшарал - Достық автожолының Көктума және Жалаңашкөл кенттерінің арасындағы 92-97-ші шақырымы қозғалысқа бұрынғысынша жабық.  

Осы себепті ККМ «Қазавтожол» РМК республика қонақтары мен тұрғындарына «төтенше жағдайлардан сақтану үшін қажетсіз жолға шықпауға, Қазгиромет метеоқызметінің  хабарына құлақ салып жүруді» сұрады.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің хабарламасында айтылғандай, «Қазақавтожол» РМК -да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz  сайттарында жарияланады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404