Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 4282 12 пікір 6 Ақпан, 2018 сағат 11:13

М.Әшімбаев: Қызметкерлердің жұмыстан шығарылуына байланысты жағдайды «Нұр Отан» өз бақылауына алады

Кеше Астанада «Абу-Даби Плаза» құрылыс кешенінің 400-ге жуық жұмысшысы заңсыз жұмыстан шығарып жіберілгені туралы мәлімдеме жасады. Өздерінің айтуынша, олар жұмыстан шығару туралы ешқандай ескерту алмаған. Аталған қысқартулар жайында тек жұмысқа келген кезде бір-ақ білген.

Құрылысшылар осы шиеленіскен жағдайды шешу үшін «Нұр Отан» партиясына жүгінген болатын.

Соған орай кеше олар партияның Астана қалалық филиалы басшылығымен кездесті.

Осы мәселеге қатысты «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, «Нұр Отан» Астана қалалық прокуратурасымен бірлесіп жұмыс істеуде. Бүгінде қалалық прокуратура бұл шешімнің қаншалықты заңды екенін тексеру үстінде. Мәселенің мәнін анықтау үшін Астана қаласының әкімдігі де тартылғанын атап өткен жөн.

«Осы мәселені оңтайлы шешу үшін барлық қажетті жұмыстар қолға алынды. Бұл жағдайды «Нұр Отан» партиясы өз бақылауында ұстайды. Мұндай сәтте сабырлық танытудың маңызы зор. Қаланың құқық қорғау органдары мен әкімдігі де жұмыс істеуде. Осылай күш біріктіру арқылы бұл келеңсіз жағдайдың оң шешілуіне сенім білдіремін», – деді Мәулен Әшімбаев.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364