Жарты Шындық
«Мен толық шындықты айтпаймын, мен жарты шындықты айтамын.
Жарты шындықты жұмсақтап айтамын, соны көпсінеді кейбіреулері».
Әзімбай Ғали, саясаттанушы
Ақымақ базардан Шындық сатып алды. Ол үшін қырсық-қыңыр үш сұрақ беріп, қайтарымына екі жұдырық жеді. Шындығында сәтті сауда болды.
Әрине, айтуға оңай! Сенбесең, Шындығыңды арқалап, жүріп көрші. Шындық, шынымен ауыр. Сондықтан Шындықты көтеріп алысқа жету, екінің бірінің қолынан келмес.
Өз Шындығын арқалап, Ақымақтың әбден зықы шықты. Тастауға қимайды. Не дегенменде, ол үшін төлемін төлеп, қайырымын да алды емес пе? Шығар-шықпас жаны бар, әйтеуір әупірімдеп үйге жетті.
– Ақымақ, сен қайда қаңғып жүрсің? – деп, оған әйелі бас салды.
Ақымақ, оған барлығын айтып түсіндірді. Тек бір нәрсені, Шындықтың не үшін керек екенін, оны қалай пайдаға жаратынын түсіндіре алмады. Шындық, қақпаға сыймай көшеде жатыр.
Ал, Ақымақ пен әйелі не істейміз, шаруашылыққа Шындықты қалай пайдалансақ, – деп кеңес құруда. Ойлап-ойлап, ештеңе таба алмады. Шындықты қоятын да жер жоқ.
– Бар да Шындығыңды сат! Көп сұрама, қанша берсе соған қанағат қыл. Бәрібір оның бізге пайдасы жоқ, – деді әйелі.
Ақмақ қайтадан ыңқылдап базарға келді. Көпшілік көретін жерге тұрып, айқайға басты:
– Шындық! Шындық сатамын! Кімге нағыз Шындық керек – тездетіңдер!
Бірақ ешкім келмейді.
– Әй, көпшіілік! Шындықты алыңдар. – Арзанға беремін!
– Жоқ. Бізге сенің Шындығыңның керегі жоқ. Өзіміздің де Шындығымыз бар, ешкімнен сатып алған жоқпыз, – дейді көпшілік.
Ақыры Ақымаққа бір сатарман келді. Шындықты мына жағынан да, ана жағынан да қарап:
– Жігітім, шынымен, Шындығыңды сатасың ба? Көп сұрайсың ба?
– Арзанға, бір Рахметке бере саламын!, – деді қуанған Ақмақ.
– Бір Рахметке.... Жоқ, ол мен үшін қымбаттырақ.
Осы кезде тағы бір сатарман келіп, ол да саудаласа бастады. Олай-былай қарап, саудаласып, ақыры, екеуі бірігіп бір Шындықты сатып алатын болып келісті.
Сатып алып, Шындықты тең бөлісті. Бүтін кездегілерімен салыстырғаннан, екі жарты Шындықтың әрқайсысы әлде қайда жеңіл. Өте ыңғайлы – жарты шындықтар болды. Базарда келе жатқан сатармандарға бәрі қызығады. Сосын басқа сатармандарда, олардың үлгісімен, Шындықтарын қайта пішіп өздеріне ыңғайлы ғып алды. Кейбіреулері, нарық, сұранысқа ұсынысымыз сай болсын деп, жарты Шындықты да көпсініп оны қақ айыруда. Сөйтіп көпшілік әр түрлі жартылай шындықтармен қамданды.
Енді, өзара сөйлесу де, келісу де, әлде қайда жеңіл.
«Нағыз оңбағансың!» – деп айтудың орнына, жұмсақтап, – «Сіздің мінезіңіз қиындау екен» – деп айтуға болады.
Дөрекіні шалдуарсыз, – деп, өтірікшіні – қиялшыл, – деуге болады.
Керек десеңіз, біздің Ақымақты ешкім ақымақ демейді, «Өзінше ойшыл адам», – дейді.
Міне, Шындықты осылай пырым - пырым қылудамыз!
Бақытты Қисықтан
Abai.kz