Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5906 4 пікір 10 Ақпан, 2018 сағат 16:46

Бақыт деген не?

– Бақыт деген не?

– Жауып тұрған қар.

– Мұнысы қалай?

– Алақаныңды аш.

– Не үшін?

– Мен саған көрсетейін.

– Нені?

– Қардың ұлпасын.

– Ол сондай кішкентай... жұп-жұқа... жеп-жеңіл... нәзік екен... міне, еріп те кетті...

– Тағы да салып көр.

– Салғым келмейді! Не үшін? Бәрібір тағы еріп кетеді.

– Қарашы.

– Иә, қандай әдемі... бірақ тағы да еріп кетті.. бақыттың бұған қатысы қандай?!

– Себебі, бақыт та осы жауып тұрған қарға ұқсайды... Ол көктің жүзінен соншалықты жеп-жеңіл болып келіп қонады... Егер оны күтіп тұрсаң, алақаныңа қондырып алсаң, ол сенің қолыңда еріп кетеді... Осылай жалғаса береді... Кейде олар қанша қонғанымен, соншалықты аз болып көрінеді... Бірақ сен одан үлкен үміт күтіп, сенім артсаң, алақаныңның толып тұрғанын да байқайсың... Одан жылу да еседі, салқын да соғады... Сол кезде сенің жүрегің шаттыққа толады, кеудеңді қуаныш кернейді... Сондайда еріп жатқан ұлпаға да ренжімейсің...

– Бірақ сол қар қашан жауады? Бақыттың белгісі болып жауатын қарды айтамын...

– Ол бүкіл өмірің бойы толассыз жауа береді...

Cерік Пірназар

Facebook-тегі парақшасынан

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434