Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2911 0 пікір 12 Қаңтар, 2011 сағат 09:38

Мәжіліс ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының ратификациялануын мақұлдады

Астана. 12 қаңтар. ҚазТАГ - Елена Преображенская. ҚР парламент мәжілісінің депутаттары сәрсенбі күнгі алқа отырысында «1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясын ратификациялау туралы (Бұл заң жобасы 1997 жылғы 12 қыркүйектегі Хаттамамен енгізілген түзетулермен 1963 жылғы 21 мамырдағы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының жиынтық мәтіні болып табылады)» заң жобасын мақұлдады.

Палатаның салалық комитетінің қорытындысында айтылғандай, конвенцияны ратификациялау Қазақстанның халықаралық нормаларға сай ядролық залал үшін жауапкершілікті алуға дайындығы жөніндегі ниетін қуаттайды, тиісінше Қазақстанның атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану саласында халықаралық ынтымақтастығын одан ары дамытуға, оның ішінде ядролық материалдар мен технологиялардың, жабдықтар мен ядролық қондырғылардың экспорты мен импортын жүзеге асыруға септігін тигізеді.

«Вена конвенциясын ратификациялау жалпы алғанда ядролық қызмет саласында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қауіпсіздік шараларының тиімділігі үшін негізгі құқықтық тетіктерді енгізуге мүмкіндік береді. Сол арқылы атом қуатын пайдалануға байланысты жұмысты іске асырғанда халық пен қоршаған ортаның қорғалуын  арттыруға мүмкідік береді», - деді индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамед Әбдібеков құжатты сәрсенбі күні депутаттарға алқа отырысында таныстыру барысында.

0 пікір