Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2584 0 пікір 12 Қаңтар, 2011 сағат 10:39

Алматыда Азиада – 2011 Алауының эстафетасы бастау алды

Алматы. 12 қаңтар. ҚазТАГ - Алмас Жумабаев. Алматыдағы шаңғы трамплиндері халықаралық кешенінде сәрсенбі күні 7-ші қысқы Азия ойындарының Алау эстафетасы бастау алды, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады. Азиада алауын Алматы әкімі Ахметжан Есімов жақты.

«Біздің қаламыз еліміздің қаржылық-экономикалық, мәдени-спорттық және ғылыми орталығы, сондықтан да Алматыдан Азиада алауы бастау алып, еліміздің қалаларын аралап кетеді. Алауды біздің танымал мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, атақты спортшылар, әртістері, мәдениет және өнер, ғылым мен бизнес қайраткерлері алып жүретін болады», - деді А. Есімов салтанатты рәсімде.

Оның айтуынша, Алматы Азиаданы өткізуге дайын, қажет спорттық нысандар салынған.

Одан кейін Алау шырақ алып жүрушілердің алғашқы тобына тапсырылды.

Бұрын хабарланғандай, Азиада Алауының эстафетасы келесі маршрутпен жүреді: әл-Фараби даңғ.,  Фурманов к., Сәтпаев, Байтұрсынов көшелері, Абай даңғ., Достық даңғ., Шевченко к, Қонаев к-нен Қабанбай батыр к-іне дейін, Абылай хан даңғ. бағытымен өтеді. 11,7 шақырымдық эстафетаға 80адам қатысады. Ол сағат 16-да аяқталады.

Еске сала кетейік, Азиада алауы Қазақстанның барлық қалаларын аралап, 30 қаңтарда Астанадағы «Астана-Арена» стадионында Азиаданың ашылу рәсімінде мәреге жетеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434