Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2326 0 пікір 12 Қаңтар, 2011 сағат 10:40

Сайлаушылардың жартысынан астамы президенттің өкілеттіктерін ұзарту жөніндегі референдумға қолдау білдірді - Сыздықов

Астана. 12 қаңтар. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Қазақстан азаматтарының сайлау науқанына қатыса алатын жартысынан астамы президент Нұрсұлтан Назарабевтың өкілеттіктерін 2020-шы жылдың соңына дейін ұзарту жөніндегі референдумға қолдау білдірді. Бұл туралы бастамашыл топ жетекшісі, Семей мемлекеттік университет ректоры Ерлан Сыдықов мәлім етті.

«Кеше біз Қазақстанның 5 млн-нан астам азаматтарының қолы жиналған парақшаларды тапсырдық. Бұл республикадағы сайлаушылардың жартысынан асады. Біздің бастамамыз республиканың барлық аймақтарында көптеген қолдау тапты», - деді ол сәрсенбі күнгі брифинг барысында.

Оның айтуынша, қолдар халқы тығыз орналасқан Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында ең көп жиналды.

Семейде жиналған қол саны 77 мың 777 болғанда бұл қаладан қол жинауды тоқтату туралы шешім қабылданғаны атап көрсетілді.

Еске салсақ, 2005-ші жылғы президенттік сайлауда сайлаушылар тізіміне жалпыұлттық біртұтас сайлау округы бойынша 8,95 млн азамат енгізілген болатын.

0 пікір