Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 7852 56 пікір 14 Ақпан, 2018 сағат 09:51

Қытай консулының жаңа жыл кешіне қатысқандар "шпиондар" ма?

2018 жыл 8 ақпан Алматыдағы “Игілік Палас” мейрамханасында ҚХР Алматыдағы бас консулдығы жылдағы дағдысымен ҚР Сыртқы істер минстрлігі Aлматыдағы өкілдігін, ҚР Қазақстан халықтары ассамблеясын,   «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен ҚР Ұйғыр мәдениет орталығы, Донгандар ассоциациясы, Алматы Ұйғыр мәдениет орталығы, Дүңгенбірлестігі сынды мұғажырлар ұйымдарын, ҚР-дағы Қытай кәсіпорындарын, студенттер мен ҚХР-нан ҚР-на көшіп келіп бизнес пен білім, әдебиет пен мәдениет, баспасөз бен медиа салаларында жемісті еңбек етіп келе жатқан Оралмандарды шақырып, 2018 жылғы жаңа жылдық көктем мерекесі сауық-кешін өткізді.

Сөзін мерекелік құттықтаудан бастап, шараға қатысып отырғандардың екі мемлекет қатынасының баянды дамуына қосқан үлестерін лайығында бағалап, “Қытайдың да, Қазақстанның да дүниежізілік байланысының қоюлап келе жатқандығын, Қытай-Қазақстан ара қалыптасқан тағдырластық қатынас әлпетінің екі ел халқының түбегейлі мүддесіне сай келетіндігін” еске салған ҚХР Алматыдағы бас консулы Джан Вэй мырзаның баяндамасынан кейін сөз алған, ҚР СІМ Алматыдағы өкілдігінің басшысы Бөлтіріков Руслан Ескендірұлы “Ең алдымен бүгінгі Қытай халқының жаңа жыл мерекесіне шақырғаны үшін ҚХР бас консулдығына алғысын білдірді”. Сондай-ақ, “бүгінгі күнде біз екі елдің саяси әрекеттері мен өзара тиімді ынтымақтастығының баға жетпес жоғары деңгейге жеткендігін сенімділікпен айта аламыз” деп пайымдады. Еліміздегі қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықтың алтын дәнекері болып отырған ҚР Қазақстан халықы ассамблеясы Төрағасының орынбасары Хамедов Абильфас Муслимович болса “Біз бірлік жайлы айтамыз. Қазақстанда 130 ұлт тұрады және олар өз туған мемлекетінде жайлы өмір сүруде. Біз бүгінгі экономиканы және біздің мемлекеттердің көшбасшыларының достығын көріп отырмыз. Бүгінде Қытай-Қазақстандық қатынас жоғары және жақсы деңгейде” деп түйді. Мерекелік кеш бастан-ақыр Қазақстанда жасап жатқан ұлттар өкілдерінің бай мазмұнды өнер концерттерімен көмкерілді.

Енді осы тұста осы шараға байланысты әсілі керегі жоқ біраз аңгіме айтуға тура келіп тұр. Мұндай  шара қай-қайсы елдің шетелдердегі дипломатиялық корпусы жасайтын кәдуілгі салттық науқан. Мысалы ҚР-ның ҚХР-дағы елшілігі және консулдығы  Наурыз, Жаңа жыл, Тәуелсіздік күндері  сондағы қытайлық әріптестерін, ҚХР-дағы қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларды, ондағы өз студентеріміз бен Қазақ диаспорасы өкілдерін шақырып Пекин, Шаңхай, Үрімжі қалаларында  мерекелік шара ұйымдастырады. Енді осы жайлы негізсіз айхай-шу көтеріп, әдепке жатпайтын лаң ұйымдастыру, жұмсартып айтқанда, дұрыс емес те, шынтуайтында лас, заңсыз тірлік! Аталмыш мереке өткен күннің ертесі-ақ ішінара азаматтар әлеуметтік желілерде шу-шұрқан шығарып, Қазақстан тәуелсіздігін жариялай сала, кезінде бәрін тәрк етіп Елге келген, сондай-ақ азат Отанның мүддесі үшін өзіндік еңбегін жасап жатқан жекелеген азаматтардың атына былапыт сөздер айтып, олардың арын таптап, оларды былайғы халық алдында жеккөрінішті көрсетіп, осы арқылы өзінің мезеттік әрі бейақыл шамын басып, немесе өзіне харам тәсілмен бедел жинап жатқанының өкінішті болса да, жиіренішті болса да куәсі болып отырмыз. Бұл тұста мәселенің мәніне бойламай, тобырлық таныммен дүрмекке еріп аттандаған азаматтардың ұлтымызға деген сүйіспеншілігі мен Қытайдағы туысқандарының тағдырына болған жанашырлық пейілін әбден түсінеміз, және өзіміздің де осы мәселе бойынша тура сондай аяушылық һәм қамкөңіл сезімде екенімізді білдіреміз. Десе де, су лайлап балық ұстағысы келетін, халықаралық қалыпты барыс-келіс жайынан мақұрым бола тұра, сол дипломатиялық тәртіптер жайында көсемсіп ақыл айтатын, былайғы жұрттың біліми дәрежесі мен информациялық жетімсіздігінен пайдаланып, халықтың алдында өзінен серке сомдағысы келетін жылауықтар жайлы сөздің басқа екендігін қадап айтқымыз келеді. Олардың қайсынына салсақ, Құдайы көрші екі ел қатынасының байсалды дамуына септігін тигізгісі келіп, туындаған мәселелерді шешудің дипломатиялық жолына жүгінуге ұмтылуы сатқындық екен. Қытай елшілігі мен консулдығының мерекелік шараларға шақыратын Қазақстандағы диаспора өкілдері басы бүтін қытайдың агенттері екен, ҚР ҰҚК ширек ғасырдан бері шпиондар мен олардың ұйымдарын тайраңдатып қойып, ұйықтап отырыпты! Біз осы “ақылмандардың” белгілі ұйымды немесе жеке тұлғаларды негізсіз, харам ниет, пасық санамен жаманаттаған әрбір сөйлемдері мен әрқандай қылықтарын Елді екіге жарғыш экстремистік сипатта деп бағалай отыра, бұлардың мейлі азаматтардың арын таптау тұрғысынан болсын, мейлі елдегі тұрақтылықты шайқалту тұрғысынан болсын, мейлі Елбасымыздың сарабдал дипломатиалық саясатын мансұқтау тұрғысынан болсын, заңдық жауапкершілікке өздігінен сұранып тұрғандығын қатаң ескерткіміз келеді.

8 ақпан күні «Игілік Палас» мейрамханасында кімдер болды? Бүкіл ғұмырын қазақ тарихын зерттеуге арнаған, Қазақстан Тәуелсіздігін жариялағанда қытайдағы атағын, лауазымын тастап елге оралып, 7 жыл Алматыда жатақханадан жатақханаға көшіп жүріп кандидаттық, докторлық диссертацияларын қорғаған, қазақ тарих ғылымына өлшеусіз үлес қосып кележатқан Нәбижан Мұхаметханұлы, бұл күнде бүкіл қазақтың гимніне айналған «Көк тудың желбірегенінің» сөзін жазған, әйгілі ақын Алмас Ахметбекұлы, Америкада тарих ғылымынан докторлық қорғап, қытайдағы кейбіреулердің түсіне де кірмейтін нұрлы болашағын тастап, елге оралған Жігер Жанәбілұлы, Іле қазақ облысының білім саласын ұзақ жыл басқарған, ақын Сыламхат Сейтхамзаұлы, ел аман, жұрт тынышта жыл орнын суытып, қазақ көшін бастаған әйгілі төрттіктің бірі (Жақсылық Сәмит, Әрмиябек Сағындықұлы, Тұрсынхан Зәкен, Ғалым Қалибек) атақты әдебиет сыншысы, аудармашы Әрмиябек Сағындықұлы, Жапонияда атом-физика ғылымынан докторлық қорғаған Бақыт Дәуметұлы, өткен ғасырдың аяғында қазақтың айтыс өнерін үлкен өреге көтерген ақиық ақын Қайрат Құлмұхаметұлы, Үрімжі қаласының бірінші түрмесінде атақты жазушы Қажықұмар Шабданұлына заттық, моралдық жақтан жақыннан жәрдемші болған дәрігер, жазушы Сағидолла Әлиұлы қатарлы танымал тұлғалар мен өнер қайраткерлері қатынасты. Әрине, бұл азаматтар ешкімнен нан сұрап жемейді, біреудің алдында зыр жүгірмейді. Ұлтын, Отанын ешкімнен кем сүймейді. Осы күнгі ауызымен орақ орып әлеуметтік желіні шулатып жүрген шала сауат патриоттардың әке-шешелері сол үміт пен күдік, қиындық пен құштарлық қабаттасқан 90 жылдарда қайда болды екен? Кімнің тарысын жеп, кімнің қазанын қарауылдап жүріпті? 1997 жылы сол кездегі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Н. Коржова ханым дайындаған қазақ диаспорасының мүдесі аяққа тапталған, кереғар заңына қарсы депутат Әкім Ысқақұлы Халықтық көші-қон заңының жобасын жасады. Осы заңды кемеліне келтіру үшін 9 ай бойы табанынан тік тұрып, бір тиын еңбекақы алмай, еңбектенген азаматтарымыз Алмас Ахметбекұлы, Рахым Айыпұлы, Моңғолиядан келген қандастарымыз Қайрат Бодаухан, Абай Мауқараұлы еді. Осы заңның арқасында қазақ көші-қонының көкжиегі кеңіді. Алматы, Астана, Талдықорған сияқты ірі қалалардан оралмандардың баспанасы үшін квота бөлінді. Елімізде жастар үшін барлық жоғарғы оқу орындарында грант бөлінді. Бүгінгі аспанды тіреп жүрмін деп, әлеуметтік желіні шулатып жүрген Қыдырәлі Ораз, Сағымбек Ермек бастаған жастарымыз сол заңның игілігін көрушілер деп білеміз. 2004 жылы қазақтың саяси саханасына түрлі партия-топтар шыға бастады. Сол партиялардың ішінен «Ақ жол» демокртиялық партиясы өзінің кемелді бағдарламасымен жұрт назарын ерекше аударды. Сол кезде бүгінгі  Жебеудің құрылтайшылары  Рахым Айыпұлы мен Омарәлі Әділбекұлы Розыбакиев көшесінің бойындағы «Жібек жолы» мейрамханасында жеке қаржыларымен дастархан жайып, 100-ге таяу оралман зиялыларын Ақ жолдың тең Төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлымен кездесу ұйымдастырды. Оралмандар партияға деген тілегі мен арыз арманын айтты. Сол жиында Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бергі бүкіл идеологияға жауап беріп келген Алтынбек марқұм «Қазақ еліне қосылатын жаңа күш бар, олар – Оралмандар»,- деп атап өтті.

2009 жылы 1991 жылы Қазақстан Тәуелсіздік жариялағаннан кейін жұмысын, ірі қаладағы жәйлі тұрмысын тастап, Атамекенге ат басын бұрған азаматтар елімізге, арттағы қандастарымызға пайдасы тисін деп «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігін құрды. Олардың жарлы-жақпайға, заңдық сауаттық жақтан қиналған қандастарға көрсеткен көмегін тізіп шығу бұл мақаланың міндеті емес. Білгісі келген адам сайтымызға кіріп көрсін. Елдің ертеңгі күні үшін істеген стратегиялық бағыттағы жұмыстарын атап өтейік:

2015 жылғы президенттік сайлауға Елбасы өз кандитатурасын ұсынбай әрі-сәрі болып тұрғанда миллионға тарта қандастарымыздың атынан, еліміздегі қоғамдық ұйымдардың арасынан бірінші болып, 2015 жылы 24 ақпанда Алматыда ұлттық баспасөз клубында ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мерзімінен бұрын президентік сайлау өткізуін, сайлауда Елбасы өз кандидатурасын ұсынуын қолдап, баспасөз мәслихатын өткізді.

2015 жылы 12 ақпанда мәжілістің қарауындағы Еңбек және көші-қон заңының таныстырылымына қоғамдық ұйым атынан қатынасты әрі мәжілістегі аталмыш заңды талқылайтын жұмыс тобына Рахым Айыпұлы мен Ауыт Мұқибекті жіберіп, жұмыс тобының 18 отырысына қатынасып, соттылығы туралы анықтама мен көші-қон парағынан шығу туралы анықтаманы алып тастауды ұсыныс етті. Бірінші ұсыныс кейінге қалып, екінші ұсыныс қабылданды.

О.jpg

1.jpg

2.jpg

3.jpg

2015 жылы 29 қыркүйек күні қоғамда көп пікір тудырған Еңбек және көші-қон заңы туралы халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы, "Абай" ақпараттық  сайтты қатарлы қоғамдық ұйымдармен бірлесіп аталмыш заң жобасының әттеген-ай жерлеріне қоғам назарын аудару мақсатында, ұлттық баспасөз клубында баспасөз мәслихатын өткізді.

5.jpg

Енді бұл кешке кімдер қатынаспады дейсіздер ғой? Қатынасқанның бәрі аш-жалаңаш жүрген сорлылар мен Отанын сатып, мемлекетімізге қауып төндірген шпиондар екен. Мына парадокске қараңыз, 1928 жылы Голощекин Қазақстанға келіп «Кіші октиябр» жүргізгенде Алаш Ардақтыларының бәрі, 1937 жылғы Сталинның репрессиясы кезінде қазақтың бетке шығар қаймақтарының дені  Жапонның шпионы, Германияның агенті, Ұлы-британияның итаршысы деген түрлі-түсті жалалар жабылып атылды, итжеккенге айдалды. Әрине, ол домалақ арыздардың авторлары өзіміздің қазақтар екені бүгінгі күні архивтер арқылы дәлелденуде. 1965 жылы Қытайда атышулы Мәдениет зор төңкерісі басталғанда қазақ зиялылар мен атқа мінерлері қос жүрек, тыңшы, империялыстердің қағып кеткен шегесі деген қалпақтар киіліп, сотталды, лагерлерге айдалды, атылды. Әрине, оларға жала жауып, ат қойып, айдар тағып, қытай билігінің іздегенін сұратпай тауып берген өз қандастарымыз. Ол арызқойлардың дені тасада тұрып тас атады, күн көзіне көрінбейді. Бүркеніш есімдерді пайдаланады. Ақпараттық сауаты төмен, білімі таяз жастарды алдыға салып солардың қолымен от көсейді. Тұрған жері, шыққан тегі белгісіз Жарқын Жаншуақ, Жарқын 7, Анар Атабай, Мадина Сәкен, Ақалаш-көкалаш дегендер біраз жылдан бері әлеуметтік желіні шулатып жүр. Олардың көксегені не? Кімге қызмет істейді? Игі жақсының жағасынан алып, жақыннан жау іздегенде қазақ көшінің жағдайы жақсара қояды ма?

6.jpg

Қытайдың жергілікті халыққа қолданған ұшқары саясаттарын ешкім де қолдап-қуаттап отырған жоқ. Кісілік құқықты қорғайтын халықаралық ұйымдар, танымал медиялар айғайсыз, янатсыз өз пікірлерін ашық айтуда. Оның нәтижесі әлі көрінген жоқ. Тәктикалық қателіктерден біздің көшіміз тоқтамауы керек. Өзіміз сайлаған Елбасыға, Парламентке сенуіміз керек. Ұлт болып жойылудан аман қалдық, ел болып еңсе көтердік. Елбасының сенімімен атқа мінген министрлер мен дипломаттарымыз тізгін шылбырымыз қолға тиген мына заманда қазақтың есебін ешкімге кетірмейді деп сенеміз. Қазір қытайдағы қазақ мәселесін әлемдік даушарға айналдырып, «үлкен қазақшылдық» қалпағын бізге кигізуге жан салып жүрген, мүдделі топтар аз емес. Қазақ деп соққан жүрегімізбен, балаң ниетімізбен солардың қолшоқпарына айналып кетуден сақтанайық. «Атың шықпаса, жер өрте» деген өзімшіл ниетпен, жауапкершілігі жоқ аттанмен қазақтың келешегіне балта шауып жүрмейік, бөлініп-жарылған отбасылардың обалына қалмайық.

7.jpg

Құдайға шүкір, еліміздің басты байлығы - адам деп тайға таңба басқандай анық жазылған Ата заңымыз бар. Ол заңда барлық ұлыс пен ұлттың, жекенің ар-намысы мен құқығы толық қорғалады. Халқымыз 97% дауыс беріп сайлаған сол конституцияның кепілі - президентіміз бар. Кез келген бұралқының бейпіл ауыз сөзі, жапқан жаласынан бізді қорғайды.

Төменде осы мерекелік кештегі ресми орындардың құттықтау сөздерінің толық нұсқасын бере кеткенді жөн көрдік:

zhf_MK6Qr2g.jpg

Бас консул Джань Вэйдың жаңа жылдық құттықтауы

(2018 жыл 8 ақпан 18:30 Игілік Палас мейрамханасы)

Құрметті ханымдар мен мырзалар

Қадырлі достар және бауырластар

Кеш жарық!

Ырысын жетектеп көктем де жетті. 2018-дің көктем  мерекесі қарсаңында сіздермен қауышып отырғаныма ерекше қуаныштымын және өзімді өздеріңізбен бөлекше жақын сезініп барамын. Мен ҚХР Алматыдағы бас консулдығы атынан бүгінгі сауықкешке келіп қатысып отырған мұғажырларды, қытай кәсіпорындары мен өкілдіктерін, қытай тілінің ұстаздарын, студенттерді, Қазақстандық әріптестерімізді, сондай-ақ барлық меймандарды қызу қарсы аламын. Сіздердің Қытай-Қазақстан қатынасының дамуына қаратқан назарларыңыз бен қолдауларыңызға, біздің консулдықтың қызметіне білдірген жәрдемдеріңіз бен қуаттауларыңызға асқақ құрметім мен шынайы алғысымды білдіремін!

Өтіп кеткен 2017 жыл біздің елімізге болсын, әрқайсы отбасына болсын ырзашылық, жаңа табыс сыйлады.  ҚКП 19 сьездін жеңіспен ашып, Си Зин пиннің жаңа дәуірдегі қытайлық өзгешелікке ие социализм құру идеясын тіктеп, осы ғасырдың орта шенінде қытайды социалистік осызаманданған қуатты мемлекет етіп құрып шығудың “екі адымға” есептелген стратегиясын ортаға қойды. Қытайдың жалпы ішкі өнімі 6,9%-ке өсіп, дүние экономикасының өсіміне үлесі 30%-ке жетті; Ғылым-техникалық инновацияда, іргелі құрылыстарда елеулі қамалдарды алды;қарқынды пойыз, төлем дәнекері, ғаламтор саудасы қытайдың жаңа ‘‘4 тапқырлығы саналып’’ отыр. Есігіміз барған сайын айқара ашылып, ‘‘бір белдеу-бір жол’’ жобасы сәтті ілгерілеуде. Қытайдың мәліметінше, қытай-қазақ сауда көлемі былтырғы уағымен салыстырғанда 37,4%-ке өскен. Қытай-Қазақстан арасындағы мән бере дамытылатын 51 өндірістік-ынтымақтастық жобасының жартысынан көбі Алматы консулдығы аумағына тиесілі. Бұл жобалар жуық жылдары біртіндеп іске қосылып, экономика мен қоғамдың дамуына пәрменді түрткі болып қана қоймай, анағұрлым көп жұмыс орындарын ұсынады. Екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы жаңа сатыға көтерілді, Қазақстандағы Кон фу цзэ институтының ашылуына 10 жыл толу қарсаңында, қалаларыңызда оның екіншісі ашылып жатыр;екі елдің де екінші тарапқа барып оқитын студенттер саны көрнекті артып, Қазақ тілін үйренгісі келетін, қазақтың тарихы мен мәдениетіне қызығатын қытай студенттері молайып келеді; Осыдан бір апта ғана бұрын ‘‘көңілді көктем’’ шарасы шымылдығын ашты; Екі елдің бірлесіп түсірген ‘‘сазгер’’ филімі қос халыққа ұсынылды.

Осы табыстардың барлығында екі мемлекет басшыларының тікелей қамқорлығы мен пәрменінен сырт, осы отырған барлық мұғажырлардың қажырлы еңбегі мен тері сіңген. Мен бүгінде мұғажырлар өздері шұғылданып отырған барлық салада, мейлі ол сауда-саттық, туризм, тамақтандыру болсын;мейлі емдеу, білім беру, медиа, әдебиет-өнер саласы болсын, тың табыстарға жетіп жатқандарына, екі елдің арасына алтын көпір болып қағылып отырғанының, елдеріміздің тиімді серіктестігінің қатысушысы және онан игіліктенуші болып отырғандарының куәгері болғаныма қуанамын.

Қытайларда ‘‘дәрияда су болса, өзен құр жатпас ’’дейтін тәмсіл бар. Ел баяшат болса, ерінге де тиер дегенді меңзейді. Қытайдың да, Қазақстанның да дүниежүзімен байланысы қоюлап келе жатыр, қытай-қазақстан ара қалыптасқан тағдырластық әлпеті екі ел халқының түбегейлі мүддесіне сай келеді, осында ұзақ жылдарадан бері тұрып келе жатқан сіздер мұны тіпті де жанымен түйсінеді деп сенемін.

Жолдың бәрі тегіс болмайтыны сықылды, 2018 жылға көз тастасақ, сынақтар мен тұрақсыздыққа толы сияқты. Десе де біздің елдеріміз үшін оның берер үміті мен сыйлар орайы көбірек секілді. ҚКР Алматыдағы бас консулдығы жаңа тұрпатты халықаралық қатынастар мен адамзат тағдырластық қатынасын орнатуды ілгерлетуді өзінің миссиясы деп таниды. Сондай-ақ, консулдық аумағындағы әр сала достарымен ынтымақтастығын нығайтып, қытай-қазақстан жалпы беттік стратегиялық серіктестігінің жаңа белеске көтерілуіне атсалысады. Бауырластарымызды жақсы жағдаймен қамтамасыз етуге, оларға мейлінше оңтайлы қызымет ұсынуға, сол арқылы өзіміздің олармен бірге екендіктерімізді сезіндіретін боламыз.

Қыс аттанып, көктем келіп жатыр. Жаңа жыл жаңа үміттерге жетелейтіні сөзсіз. Демек, мұраттардың көкжиегі ашылып, арманның кемесі арғы жағаға бет түзеді! Ендеше, бәрлеріңізді жаңа жылмен құттықтап, барлықтарыңызға денсаулық, отбасылық береке, толағай табыс тілеуге рұқсат еткейсіздер.

Рахмет.

TnlR94Pq7bQ.jpg

ҚР СІМ Алматыдағы өкілдігінің басшысы Бөлтіріков Руслан Ескендірұлының құттықтау сөзі

Құрметті Чжан Вэй мырза!

Құрметті қонақтар!

Ең алдымен бүгінгі Қытай халқының жаңа жыл мерекесіне шақырғаны үшін Қытай Халық Республикасының бас консулдығына алғысымды білдіремін.

Қытай мен Қазақстан жалпы қағидаттарымен, жалпы тарихи жәдігерлерімен және прогрессивті көзқарастарымен тығыз байланысты. Біздің халықтарымыздың бейбіт өмір сүруінің ежелден бергі келе жатқан тарихы бар. Әрине, ол тарихи маңызды элементтерінің бірі, заманауи жағдайда өзектілігін сақтаған, терең ғасырлар бойғы тарихы бар - Ұлы Жібек жолы. Осы Ұлы Жібек жолы тәуелсіз қазақ-қытай достығы мен біздің мемлекет халықтарының игілігі мен ынтымақтастық символы іспеттес.

Қытай мен Қазақстанның қазіргі қарым-қатынасы көршілес және құрылымдық байланыстың жарқын мысалы болып табылады. Осыған байланысты ерекше атап өткім келгені, Қытай солтүстік-батысында көршілес жатқан елдердің ішінде ең бірінші Қазақстанмен шекаралас мәселелерді толық және түпкілікті шешті. Екі ел тату көршілестік, достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл екіжақты байланыстарының алдағы уақытта да дамуына саяси негізін қалады дегенді білдіреді.

Өздеріңіз білетіндей, былтырғы жылы біздің елімізде орнатылған дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығын атап өтті және осы уақыт аралығында біз өзіміздің өзара әрекеттерімізді стратегиялық серіктестік пен достықтың деңгейіне жеткізе алдық. Бүгінгі күнде біз екі елдің саяси әрекеттері мен өзара тиімді ынтымақтастығының баға жетпес жоғары деңгейге жеткендігін сенімділікпен айта аламыз. Тағы да ерекше атап өткім келгені, жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстарды дәлелдейтін жақсы еңбек қатынастарының орнатылғандығы.
Төраға Си Цзиньпин мен Нұрсұлтан Назарбаев онға жуық екіжақты кездесулер өткізді.

Қазақстан мен Қытай өзара тиімді ынтымақтастық (серіктестік) арнасында қарым-қатынас құруда. Қазақстан Қытай үшін жалпы евразия аумағындағы қомақты инвестицияның обьектісі және Орта Азиядағы аса ірі сауда серіктесі болып тұр. Екі ел бес шекаралық өткізу орындарын, бес трансшекаралық газмұнай өткізу құбырларын, екі трансшекаралық теміржол тармақтарын және шекара маңындағы ынтымақтастықтың халықаралық орталығы «Хоргосты» ашты.

Сонымен бірге мемлекеттер Жібек жолының бірегей мұрасын қазіргі жағдайда қолдану бойынша белсене жұмыс атқаруда. Қытай президенті Си Цзиньпиннің «Бір жол бір белдеу» бастамасы Қазақстанға өзінің ерекше аумақтық жағдайын қолдана отырып, осы бастамадан геосаяси пайда табуға мүмкіндік беретін экономикалық интеграцияның жобасы болып табылады. Қазақстан президенті бұл бастаманың Евразия аумағындағы интеграциялық үрдістерде маңыздылығын ерекше бағалап, қолдағандардың алғашқыларының бірі болғанын айта кеткен жөн. Елбасының «Нұрлы жол болашаққа бағдар» жолдауында оның Қазақстанның көлік әлеуетінің дамуы мен экономикалық дамуындағы ерекше маңыздылығын атап өткен болатын.

Қазақстан мен Қытайдың ықпалдастығы көпқырлы тұрпатта көрініс тапқандығы қуантады. Біздің мемлекеттер Шанхай Ықпалдастық Ұйымының құрылтайшы-мемлекеттерінің бірі болып табылады. Біз ШЫҰ-ның басқа мүшелерімен бірге өзара сенім, өзара пайда, теңдік, кооперация, мәдениеттің көптүрлілігін силау, бірге дамуға ұмтылумен сипатталатын «шанхай рухының» қалыптастыра алдық.

Сонымен бірге, Қытай Қазақстанның Азиядағы сенім мен өзара әрекет бойынша Мәжіліске шақырған бастамасын қолдап, оның қатынасушы мүшесі болды. Біз басқа қатынасушы мемлекеттермен бірге азиаттық қауіпсіздіктің жаңа үлгісін-қауымдық, кешенді, жалпылықты, тұрақтылықты құрдық. Сол арқылы біз Азиядағы қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау үшін шешу жолдары мен тың ойларды ұсындық.

Болашақтағы жан жақты стратегиялық серіктестер ретінде Қазақстан мен Қытай бүгінде қауіпсіздік пен бейбітшілік үшін сындарлы сұхбат пен халықаралық тәртіпті қамтамасыз етуге бірге күш жұмсауда.

ХХІ ғасырда екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасытың сақталуы және үздіксіз дамуы өте маңызды. Соған орай, Қазақстанда қытай мәдениетін таныстыру жұмыстары мен іс-шаралары үздіксіз жүргізілуде. Қытай халық Республикасында білім алып жатқан Қазақстан студенттерінің саны күн санап артуда. Қытай мен Қазақстан жоғарғы оқу орындары мен академиялық орталары арасындағы өзрара байланыс та кеңеюде. Екі ел арасындағы халықтар достастығын арттыруда бұл бағыт ортақ міндеттердің ажырамас бір бөлігі.

Қазіргі таңда Қазақстан үшін ерекше қызығушылық тудырып отырған сауда-саттық саласында, әсіресе ауыл шаруашылық өнімдері мен өңделген аралық тауарлар сатылымында ынтымақтастыққа қол жеткізу, өнеркәсіп, сауда-саттық, қаржы және ІТ саласында трансферттеуді жүргізу. Стратегиялық бағдарламалар аясында, инновациялық даму барысында бұл мемлекет алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі.

Құрметті қатысушылар!

Сөз соңында қытай халықын келе жатқан жаңа жылдарымен құттықтап, екі ел арасында түрлі саладағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейде дамып, келіп датқан жаңа жыл жаңаша мүмкіншіліктер алып келеді деп үміттенеміз.

Қадірлі де құрметті достар жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Назарларыңызға рақмет!

dYu6P1CmZCA.jpg

ҚР ҚХА төрағасының орынбасары Абильфас Муслимович Хамедовтың құттықтау сөзі

Ұлтаралық келісімдер мен қатынастар, ұлттардың дамуы туралы көп ойлар айтылды. Елбасы Н.Назарбаев айтқандай «Достық деген достық». Сондықтан бәріңізге достық, жайлылық, табыстар тілеймін. Біз бірлік жайлы айтамыз. Қазақстанда 130 ұлт тұрады және олар өз туған мемлекетінде жайлы өмір сүруде. Біз бүгінгі экономиканы және біздің мемлекеттердің көшбасыларының достығын көріп отырмыз. Бүгінде қытай-қазақстандық қатынас жоғарғы және жақсы деңгейде. Генконсул бүгін халықтың әл-ауқатының өсіп, тұрмысының қажетті деңгейде екенін көрсететін экономикалық сандарды, әсер қалдыратын сандарды атап өтіп, жақсы сөйледі. Бүгінде Қазақстанның халықтар ассамблеясы дамуды игілендіру үшін жақсы жұмыс істеуде. Менің және Халықтар Ассамблеясы атынан шынайы алғысымды қабыл алыңыздар.

8.jpg

9.jpg

10.jpg

11.jpg

12.jpg

13.jpg

Жебеу республикалық қоғамдық бірлестігі

Түпнұсқадағы тақырып: Қытай консулының жаңа жыл кешіне кімдер барды?

Jebeu.kz

56 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5490