Қазақстанның қоғамдық бірлестіктері «Қазақстан - 2020» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясына қосылды
АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның қоғамдық бірлестіктері «Қазақстан-2020» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясына қосылатындықтарын мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, аталған коалиция ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту туралы референдум өткізуді жақтайды.
Атап айтқанда, құрамында республиканың 500-ден астам үкіметтік емес ұйымдары бар Қазақстанның Азаматтық Альянсы, Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы, «Бауыржан» республикалық қайырымдылық қоры, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі президент бағдарламасын қолдаудың қоғамдық комитеті аталған коалицияға қосылатындықтарын жариялады. «Біз, Қазақстанның қоғамдық ұйымдар өкілдері референдум өткізу жөніндегі бастаманы толық қолдаймыз. Оны қоғам мен мемлекеттің эволюциялық даму процесінің заңдылығына сәйкес орын алып отырған әрі өз уақытындағы маңызды шара деп санаймыз», - деді баспасөз мәслихатында Парламент Мәжілісінің депутаты, Азаматтық альянс басшысы Айгүл Соловьева.

Сонымен қатар, қоғамдық ұйым өкілдері еліміздегі азаматтық қоғамның даму үдерісін тікелей Елбасы Н. Назарбаевтың есімімен байланыстырады. Мәселен, Альянс басшысының айтуынша, Елбасының тікелей бастама жасауымен республикада 4 мәрте Азаматтық Форум болып өтті. Бұндай игілікті шараның нәтижесінде билік пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестік механизмдері енгізіліп, ол өз жемісін бере бастады.
Естеріңізге сала кетейік, кеше «Нұр Отан» ХДП Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту бастамасы бойынша референдум өткізу үшін «Қазақстан - 2020» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясын ұйымдастырған еді. Бұл коалиция Президенттің өкілеттігін ұзарту бастамасы бойынша референдум өткізуді қолдап, осы референдумды жүзеге асыруға байланысты барлық шараларды қолға алатын болады.