Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2639 0 пікір 13 Қаңтар, 2011 сағат 12:15

Мәскеуде Тұрар Рысқұлов құрметіне естелік тақта орнатылады

Мәскеу.13 қаңтар. ҚазТАГ -  Қазақтың көрнекті мемелекеттік және саяси қайраткері Тұрар Рысқұловқа Мәскеуде естелік тақта орнатылады. Отандық тарих пен мәдениет қайраткерлерін және атақты оқиғаларды мәңгі есте сақтау жөніндегі  Мәскеу қалалық комиссиясы Ресейдегі Қазақстан елшілігінің бастамасын қолдап осындай шешім қабылдады.

«Мәскеудегі, Т. Рысқұлов 1931-1934-ші жылдары тұрған Покровский бульвар 14 мекен жайындағы үйде мемориалдық тақта орнатылады», - делінген Қазақстанның РФ-дағы елшілігінің баспасөз қызметі бейсенбіде таратқан хабарда.

Естелік тақтаны көркемдік безендіру мен оны орнатуды қаржыландыруды қазақстандық тарап өз міндетіне алады.

Тұрар Рысқұлов - қазақтың көрнекті мемлекеттік және партия қайраткері. 1920-шы жылы Түркістан АССР ОАК басқарды, 1921-1922 жылдары РСФСП наркомының ұлттар істері жөніндегі орынбасары, 1926-1937-ші жылдары  - РСФСР совнарком төрағасының орынбасары болды.

1927-1930 жылдары Т. Рысқұлов РСФСР совнаркомының жанындағы Түркістан-Сібір темір жол құрылысы комитетін басқарды. 1938-ші жылы қудаланып, атылды. Кейін ақталды.

0 пікір