Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2078 0 пікір 14 Қаңтар, 2011 сағат 04:05

13.01.2011ж. ОСК азаматтардың қолдарының тексеру нәтижелері туралы Қорытынды хаттаманы бекітті

2011 жылғы 13 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы еліміздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар, республикалық референдумды тағайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы Қорытынды хаттаманы бекітті

Заңнамаға сәйкес, референдумды тағайындау туралы мәселеге бастамашылық ету үшін бастамашыл топ мүшелері барлық облыстарды, Астана мен Алматы қалаларын тең мөлшерде білдіретін кемінде 200 мың азаматтың қолын, яғни әрбір өңірден кемінде 12,5 мың қол, жинауы тиіс болатын.
Заңның бұл нормасы орындалды және қолдардың қажетті санының дұрыстығын әділет органдарымен бірлесіп тексеріс өткізген аумақтық сайлау комиссиялары растап отыр.
2011 жылғы 13 қаңтардағы жағдай бойынша, Орталық сайлау комиссиясына барлық облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының қолдарды тексеру нәтижелері туралы хаттамалары келіп түсті.
Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ, бастамашыл топ та қол жинаудың қорытындылары туралы мәдіметтер мен толтырылған қол қою парақтарын тапсырды.
Республикалық референдум өткізу туралы бастамашылықты қолдап барлығы 5 миллион 16 мың қол жиналған немесе республикалық референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы санының 55,2%.

Сонымен қатар, аумақтық сайлау комиссиялары тексеріс нәтижесінде азаматтардың 194 мың жарамсыз қолын анықтады.
Бұл ретте, қолдарды жарамсыз деп танудың негізгі себептері болып:
• өзінің қолын қойған азаматтың тіркелу орнының қол жинау жүргізілген өңірмен сәйкес келмеуі;
• азаматтар туралы мәліметтерді толтыру барысында жол берілген техникалық қателер;
• қайталанатын қолдардың болуы, яғни бір тұлғаның қолының бірнеше қол қою парақтарына қойылуы;
• референдумға қатысу құқығы жоқ азаматтардың қолдарының болуы (бұл негізінен жасы 18-ге жетпеген тұлғалардың қолдары);
• отбасы мүшелері үшін қол қою табылады.
Сондай-ақ, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң талаптарын бұза отырып толтырылған қол қою парақтары да жарамсыз деп танылған. Дегенмен, қолдарды жинау бойынша жұмысты ұйымдастырудағы бірқатар кемшіліктерге қарамастан, референдум өткізу туралы бастамашылықты заңмен көзделгеннен әлдеқайда көп азаматтар саны қолдады.
Қолдап қол жинау кезеңінде референдум туралы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен арыздар мен шағымдар жоқ.
«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 16-бабы 2-тармағына сәйкес, республикалық референдум өткізу туралы ұсыныс пен Орталық сайлау комиссиясының азаматтардың қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы Қорытынды хаттамасы Қазақстан Республикасы Президентіне жолданатын болады.
Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы қол қою парақтарын және азаматтардың қолдарын жинау нәтижелері бойынша қорытынды хаттамаларды сақтау тәртібі мен мерзімдері туралы қаулы қабылдады.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44

http://election.kz/portal/page?_pageid=115,1559401&_dad=portal&_schema=PORTAL

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475