ҚКХП референдумды қолдау жөніндегі жалпыұлттық коалицияға енді
Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ - Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы (ҚКХП) референдумды қолдау жөніндегі жалпыұлттық коалицияға енеді, сонымен бірге бірқатар маңызды бағдараламалық мақсаттарды орындау жөніндегі президентке қойған талаптарына назар аударады.
«ҚКХП демократиялық күштердің жалпыұлттық «Қазақстан-2020» коалициясына саналы түрде енеді. Бұл өз жақтастарын референдум өткізу жөніндегі бастаманы қолдауға шақыра отырып билікпен диалогты сақтау мүмкіндігі ғана емес, ҚКХП президенттен - ұлт көшбасшысынан коммунистердің негізгі бағдарламалық мақсаттарының орындалуын талап ету құқына ие болады», -делінген ҚКХП ОК бюросының мәлімдемесінде.

Мәлімдемеде партияның мақсаттары тізбектелген:-ұлтаралық тұрақтылықты сақтау; түрлі этностар өкілдері арасындағы татулыққа сына қағатын кез-келген әрекетке қатаң тосқауыл қою; мемлекеттік саясаттың әлеуметтік жағын күшейту; олигархияны жою; еңбекші халық пен өз тіршіліктерін жасап жатқан адамдардың мүддесін қамтамасыз ету. «Сонымен бірге, ауыл шаруашылығын қайта өркендетуге қатысты шынайы қадамдар жасау, үйлесімді экономикалық және саяси одақтастыққа алып келетін Ресейдің, Беларусьтің, өзге де посткеңестік мемлекеттердің бауырлас халықтарымен интеграциялық үдерістерді жалғастыру, қазақстан қоғамын демократияландыру шараларын жүзеге асыру, ең алдымен көппартиялы парламентті сайлау».
Мәлімдемеде партия алғашында «референдумды қабылдамаған», бірақ ол отандастардың қолдауына ие болған соң партияның алдында өз ұстанымын анық көрсету таңдауы тұрды.
«Мәселе бұл жерде Қазақстан коммунистерін «иә» немесе «жоқ» деп дауыс беруге үндеуде емес. Мәселе одан да тереңірек, саясатта маргинал болып мемлекет пен қоғамның қайсыбір маңызды мәселелері бойынша билікке айтқаныңды жеткізу үшін кез-келген мүмкіндікті пайдалану. Сондықтан бұл жерде кекірейе қалу саяси сауатсыздықтың белгісі болар еді, оның үстіне халықтың ыңғайы анық белгілі болып тұр», -делінген мәлімдемеде.
«Қоғамның асқан байлар мен кедейлер болып бөлінер қаупінің туып тұрғанын көріп отырмыз. Бізде көптеген кәсіпорындар Қазақстанның беделі үшін емес, көз алдау үшін жұмыс істейді. Қазақстанда халық тұтынатын тауарлар шығарылмайды десе болады. Бұл жайында біз халықпен болған әңгімеде сөз қозғап, референдум кезінде Қазақстан азаматтарының мүддесі үшін жүзеге асырылуы керек аманат ретінде президентке айтамыз. Біз «иә» деп қолдаймыз, бірақ осындай шарттарымыз бар», -деді журналистерге берген сұқбатында партия ОК-нің хатшысы Владислав Косарев.