Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2052 0 пікір 14 Қаңтар, 2011 сағат 13:40

Ерлік пен ісі аманат

Қазақтың қара нары, мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділов, көзі тірі болса, қаңтардың 15-інде 67 жасқа толар еді. Қаскөйлер қолынан мерт болған арда азамат туралы айтылған естеліктерді «ДАТ» жобасы бойынша шыққан басылымдар оқырманға дер кезінде жеткізуге асық. Зәкеңнің айтқан өткір сөздері мен мәнді пікірлері өзі сүйген қазағы үшін әрдайым құнды. Өкініштісі сол, азамат-ағаның қамқорлығын көрген, өзімен қызметтес болғандар естелік айтудан қашқақтайды. Есесіне ел ішіндегі ағайынның Зәкеңе деген құрметі ерекше. Азамат-ағасын сағынған жұрт өлең жазып, қан жылаған жүрек жырын жолдауда.

Төменде арда ұлдың мерт болардан үш ай бұрынғы Мақпалға арнап жазған өлеңі мен елден жеткен өлеңдердің бір парасын қаз-қалпында ұсынып отырмыз.

МАҚПАЛҒА

Сенесің бе?

Бір өзіңнен

Басқа жаннан

Бір жақсыны көрмеппін..

Дарын қонған

асыл жанға

еркіндікті

бермеппін...

«Махаббат бар,

Жетеді», - деп,

Қолды көп жыл

сермеппін...

Мен жолыңды

аша алмаппын

Жібек жіппен

кермеппін....

Дірілдеген

әр әніңді

моншақ жасап

термеппін...

Сенесің бе?

Бір өзіңнен

Басқа жанмен

жақсы оюды

өрмеппін.

Қайтпас ғұмыр-

Неге сонша,

неге сонша,

неге сонша

терлеппін!

Заманбек НҰРҚАДІЛОВ,

26.08. 2005 жыл.

Заманбек

Нұрқаділовке

...Оятар ар мен сезімді,

Жиғызар намыс, есіңді.

Елімді ойлап есейдім,

Таптым, рас,

деңгей, шегімді.

Түбірі терең былықты,

Көргенмен көзін

шындықты.

Талпынсаң өткір

сынға алып,

Көрерсің талай сұмдықты.

Өмірдің көнбей заңына,

Сынға алсаң төрдің

маңында.

Айнала толы арсызға

Жуытпас шындық қамына.

Қалдырдым ардың

батасын,

Білмеген сөздің атасын.

Түсінбес өмір-жалғанды

Тегі мен ата-бабасын.

Пікірді елге жазғаным -

Шындықтың түбін

қазғаным.

Сендерге қидым

қайшымен,

Ғұмырымның қалғанын.

Деген ер, алғыр Заманбек,

Жалтақтап тілге қоймай

шек.

Ел қамы артық бәрінен:

«Дүние - қолдың кірі» деп.

Өтті ер батыл кезінде,

Заманбек елдің есінде.

Мінезі биге лайықты,

Мол еді-ау ары, тегінде.

Тұтқасын төрдің ұстаған,

Заманбек ерге ұқсаған.

«Мен» деген жанды бүгінде,

Қиын ғой табу, бұқпаған.

Дүние қуып паналап,

Бірі боп көптің тасалап.

Жүргенге ары шыдамай,

Кетті ғой батыр азалап!

Өзі өлді, бірақ қалды аты,

Сұрқия өмір - бар салты.

Қадірін білмес алтынның,

Жігіттер аз ғой - бар заты.

Заманбек - белді азамат,

Бойында биік парасат.

Қалдырған жолын

ұрпаққа,

Тірлік пен ісі аманат!

Серік Қалымбетов,

Тараз қаласы

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 01 (84) 12 қаңтар 2011 жыл

0 пікір