Алматы облысы Шарын ауылының зардап шеккен тұрғындарына ауданның кәсіпкерлері мен тұрғындары 3 млн теңгенің көмегін көрсетті
Алматы, 14 қаңтар. ҚазТАГ - Алматы облысы Ұйғыр ауданының кәсіпкерлері мен тұрғындары су тасқынынан зардап шеккен Шарын ауылының тұрғындарына 3 млн теңгенің қайырымдылық көмегін көрсетті, деп хабарлады жұма күні облыстық мобилизациялық даярлық, азаматтық қорғаныс, апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасының (УМПиГО) бастығы Сергей Салагаев.
«Бүгінгі күні жергілікті кәсіпкерлер мен аудан тұрғындарының қолдау көрсетуімен зардап шеккендерге көмір, отын, азық-түлік, киім-кешек пен ақшалай жалпы сомасы 3 млн теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді», -деп хабарлады С.Салагаев су шаруашылығы нысандарының апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған жұма күні болған кеңесте.
Оның айтуынша, тасқын су ауылдың 9 көшесімен өтіп, 243 ауланы басып қалған. 1070 тұрғын үйдің 16-сында ғана су ішке еніп кеткен.
«Бүгінгі күні зардап шеккен 16 отбасының 11-і өз үйлеріне қайтып оралды, 1 отбасы иесіз тұрған үйге орналасты, 4-уі әзрге туыстарының үйлерін паналап отыр, оларға лайықты баспана іздестірілуде», -деді С.Салагаев.
Басқарма бастығының айтуынша, зардап шеккендердің барлығы ыстық аспен, төсек-орынмен және медициналық қызметпен қамтамасыз етілген.

Бұдан бөлек, 142 отбасына 1 млн 136 мың теңгенің азық-түлігі, жылы киімдері, аяқ киімдері берілген. «Қазіргі уақытта ауылдың жартысынан көбі қар мен мұздан тазаланған, су толығымен сорып алынды. Өзен өзінің ескі арнасына түсті. Өйткені, ауылды су алуына кінәлі болған көпір салушылар бұдан бұрын бөгетті өзге жерден салып қойған, енді сол қателіктерін түзеді», -деді С.Салагаев.
Бұдан бұрын хабарланғанындай тау өзенінің арнасынан шығып тасуынан зардап шеккен ауылда болған Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов су тасқынынан зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі деп мәлімдеді.
«Арнайы құрылған комиссия әр отбасына келген шығынның дәрежесін анықтайды. Ауылдың зардап шеккен бір де бір тұрғыны көмексіз қалмайды. Күн жылынысымен үйлеріңізді жөндеп береміз, -деп сендірді С.Үмбетов. -Ең бастысы қазір бұл мәселенің айналасында айғай-шу шығармау. Барлығы біздің бақылауымызда тұр». Әкім прокуратураға қысқа мерзімнің ішінде көпір салған құрылыс ұйымының қаншалықты кінәлі екендігі жөнінде қорытынды шығаруды тапсырды. Бірақ кінәлі кім болса да арнайы құрылған комиссия әр отбасындағы шеккен зардап дәрежесін анықтаған соң барлық зардап шегушілерге қажетті материалдық көмек беріледі, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз-қызметінен.