ТЖМ 2011 жылы өртке қарсы техникаларды сатып алу үшін Т2 млрд астам қаржы жұмсамақ
Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ - Арсен Бектасов. 2011 жылы төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік (ТЖМ) 2 млрд теңгеден астам қаржыны өртке қарсы техникаларды сатып алу үшін жұмсайды, деп хабарлады ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының міндетін атқарушы Болат Омаров.
«2011 жылдың бюджетінде (ТЖ министрлігінің - ҚазТАГ) екі миллиард теңгеден астам қаржыға өрт сөндіруге қолданатын 80 дана техника, өртке қарсы техникалық құралдарын сатып алу жоспарланып отыр», -деді Б.Омаров жұма күні ТЖМ-де өткен мәжіліс отырыстарының арасында журналистермен болған әңгімеде.
Оның айтуынша, 2010 жылы министрлік 50 өрт сөндіру автомобилін сатып алып, қазіргі уақытта олар кезекшілікте жұмыс істеуде.
Б.Омаровтың айтуынша, 2010 жылы «жергілікті атқарушы органдарға далалық және орман өрттерін сөндіру үшін 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген». «Тұтастай алғанда (2010 жылы өрт болған аумақтар - ҚазТАГ) 5000 гектардай жерді қамтыды. Барлығы (бүкіл ел бойынша-ҚазТАГ) 500-ден аса далалық және орман өрттері орын алды», -деді ол.