Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2508 0 пікір 16 Қаңтар, 2011 сағат 20:18

Бек Датұлы. Еліміз үшін ең маңызды ғимараттағы қателік

Мына тақта қазір Қазақ-британ университетінің ғимаратының қабырғасында ілініп тұр. Бұл ғимарат ұзақ жылдар бойы Казақ КСР Жоғары кеңесінің, кейін тәуелсіздікке қол жеткен соң ҚР Парламентінің ғимараты болған. Бұл жерде Тәуелсіз еліміздің өмірінде аса маңызды болған талай шешімдер қабылданып, елдіктің алғашқы қадамдары жасалған жер.

Әрі бұл ғимарат республикалық құндылықтардың қатарына енгізілген. Мұндай киелі жерге талай тақта іліп, тарихқа қалдыруымыз тиіс. Бірақ ілінген жалғыз тақтаның сиқы мынау.

Тақтада «Бұл ғимаратта 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация және 1991 жылы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды» деп жазылған.

Ал астындағы орысшасында қазан айын «декабрь» деп жазып қойған. Құдай-ау, бұл не деген масқара! Айналдырған он екі айдың атын жаттай алмай жүрген бұны жазған қандай миғұла. Бұл тақтаның ашылу салтанатына талай адамның қатысқаны сөзсіз. Сондай мұндай масқара қателікті ешкімнің көрмегені ме?

Біздің тәуелсіздікке деген құрметіміздің төмендігін осындай салдыр-салақтықтан-ақ анық байқауға болады емес пе! Біз бұлай жүріп қалай ел боламыз, а?!

www.masa.kz

0 пікір