Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2384 0 пікір 17 Қаңтар, 2011 сағат 05:23

Азиада-2011 Алауын Атырау қабылдады

Атырау. 17 қаңтар. ҚазТАГ – VII-ші қысқы Азия ойындарының Алауының Атырау көшелерімен салтанатты шеруі дүйсенбі күні тал түсте Махамбет Өтемісов ат. драма театрының алаңынан бастау алады.

Атырау облысының Туризм және дене шынықтыру мен спорт басқармасының бастық орынбасары Гүлжанат Қаленованың айтуынша, «Олимпиадалық Алау шеруін Хиуаз Доспанова атындағы мұз сарайында аяқтайды да, мұнда гала –концерт өтеді».

«Онда шырағдан VII-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің өкілдеріне табыс етіліп, олар Алауды көрші Орал облысына жеткізеді», - деді ол.

Қала көшелерімен Алауды алып жүретін 60 адамның арасында 55- танымал спортшылар, спорт ардагерлері: Арман Шілманов (Бейжің олимпиадасының жүлдегері), Евгений Ухов (спорт шебері, ескек есуші), Андрей Сафарян, Бауыржан Тахауов (отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан құрамасының ойыншы бапкері), Өтеген Олжабаев, Адик Бермешев, Ринат Ибрагимов және басқалар бар.

Еске салсақ, 2011-ші жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының Алауы Алматыға 12-ші қаңтарда Кувейттен келген болатын. Одан кейін Азиада Алауының эстафетасы Тараз, Шымкент және Қызылордаға барды. Эстафета Қазақстанның барлық аймақтарына барып, Астанаға 30-шы қаңтарда, «Астана-Арена» футбол стадионында Азиаданың ашылу салтанатының басталу шағында мәреге жетеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522