Атырау прокуратурасы қала мектептерінде бірқатар бұзушылықтар анықтады
Атырау. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Халықтың жалпы білім беру мекемелеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық заңнаманы сақтауы бойынша жүргізілген тексеріс барысында Атырау прокуратурасы бірқатар бұзушылықтарды анықтады.
«Тексеріс барысында №2-ші меттеп 600 орынға есептелгенімен онда 1172 оқушы оқитындығы анықталды. Бұл ретте оқушылардың 95 % екі аусымда оқиды екен. Оқу бөлмелері жетіспейді, бір партада үш оқушыдан отырады», - деді қала прокурорының көмекшісі Серік Жаңабаев апталық брифинг барысында.
№30-шы мектепте химия кабинетінде ылғалмен жинастыру жүргізілмейді, сыныптарда жиһаздар сынып қалған. Спортзалда 80% жарық жетіспейді.
Одан басқа, прокурор көмекшісі атап өткендей, №17-ші мектеп лицей 1058 оқушыға есептелгенімен, онда 1111 оқушы оқиды.

Анықталған фактілерге қатысты бұзушылықтарды жою бойынша 25 ұсыныс жасалды, 20 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.