Елбасына ұсыныс
Нұреке!
Министрлеріңіз шынымен де қазақ тілін үйренсін десеңіз, мемлекеттік тіл тұнып тұрған ортаға - ауылға бірнеше айға жіберіп алыңыз.
Жай ғана жүрмей, өз салалары бойынша қызмет жасап қайтсын.
Мәселен, білім министрі - мұғалім,
денсаулық сақтау министрі - дәрігер,
еңбек және әлеуметтік қорғау министрі - өз күнін өзі көруші,
ақпарат және коммуникация министрі - аудандық газеттің тілшісі,
мәдениет және спорт министрі - аудандық хор әншісі, не жаттықтырушы,
инвестиция мен даму министрі - жол құрылысшысы,
қаржы министрі - аудандық қаржы бөлімінің қызметкері,
ауыл шаруашылық министрі - агроном, не шопан,
дін және азаматтық қоғам министрі - имам, не жергілікті оппозиционер,
әділет министрі - адвокат,
энергетика министрі - электрик, не пеш жағушы,
ішкі істер министрі - учаскелік полицей,
қорғаныс министрі - әскери бөлімше офицері,
ал ұлттық экономика министрі - шағын фирма жетекшісі боп жұмыс атқарып,
Ұлттық банк төрғағасы жұмыс істейтін аудандық банктен несие алып көрсін.
Тілді де тез үйренеді, өздері басқарып отырған салалардың қыр-сырын да жақсылап меңгеріп алады...
Әміржан Қосан
Facebook-тегі парақшасынан