Қазақстандағы студенттердің 77%-дан астамы ақылы негізде оқиды – статагенттік
Астана. 18 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстандағы студенттердің 77,3% ақылы негізде оқиды, деп сейсенбі күні ҚР статагенттігі хабарлады.
Статагенттік мәліметтерінше 2010-2011-ші оқу жылының басына Қазақстандағы студенттердің жалпы саны 620 442 адам болған.
«Мемлекеттік білім беру гранты есебінен 130 671 адам білім алуда, ол жалпы студенттердің санының 21,1%-ын құрайды. Білім беру мемлекеттік тапсырысының есебінен 1,6% студент оқуда», - делінген статагенттік ақпараттық баянында.
Қазақстанда барлығы 149 ЖОО бар.
Барлық ЖОО-лардың 53-і мемлекеттік оқу орындары да, оларда 310 092 адам немесе жалпы санының 49,9% студент білім алады. Студенттердің жалпы санында қыз балалар - 58,2%, жас өспірімдер - 41,8%-ды құрайды

«Студенттердің жалпы санының 53,1%-ы күндіз, 46% - сырттай, 0,9% - кешкісін оқиды», - делінген ақпараттық баянда.
Агенттік мәліметтерінше мемлекеттік тілде оқитын студенттер саны 319 940 адам. Қазақ тілімен қатар ЖОО-ларда оқу орыс, араб, ағылшын тілдерінде өтеді.
Білікті мамандарды дайындау биыл 161 964 адам болды.
Бакалаврлар саны – 592 672 адам, жоғарғы арнайы білім алып жатқан студенттердің (27 284 – адам) санынан әлдеқайда асып түседі.
«Республика ЖОО-ларында оқитын студенттердің жалпы санының айтарлықтай үлесі: әлеуметтік ғылымдар мен бизнеске - 13,8%, педагогикалық мамандықтар және техникалық білім мен технологияларға - 10,2%-дан келеді», - делінген ақпараттық баянда.
Статагенттік мәліметтерінше, ЖОО штаттарында 39 600 мұғалім жұмыс істеп, 6176 мұғалім қосымша түрде жұмыс істейді. Профессорлық-мұғалімдік персоналдың жалпы санының 8% -ы ғылым докторлары, 35,8% - ғылым кандидаты, 5,7% - профессор атағында және 16,7% - доцент атағында. Академиялық магистр дәрежесіндегі мұғалімдер саны - 14,1%, философия докторлары (PhD) – 0,9%.