SAT&Company компаниясының ShalkiyaZinc-ті өзіне қосып алуы аяқталды
Алматы. 19 қаңтар. ҚазТАГ - SAT&Company холдинг компаниясы ShalkiyaZinc өндіруші компаниясын өзіне қосып алуды аяқтады. Капиталға салынған $50 млн көлеміндегі инвестиция 81,39% қарапайым акцияларға айырбасталды. Мұндай ақпарат өткен сейсенбі күні Лондон қор биржасының (LSE) сайтында жарияланды.
«Бұдан бұрынғы барлық шарттар қанағаттандырылған соң SAT&Company компаниясы ShalkiyaZinc компаниясының 81,39% қарапайым акцияларына айырбас ретінде $50 млн көлемінде инвестиция салды деп хабарлады ShalkiyaZinc», -делінген таратылған хабарламада.
Хабарда айтылғанындай, сауданы аяқтау үшін ҚР үкіметінің шикізат компаниясындағы бақылаушы акциялар пакетін басымдықпен сатып алу құқынан бас тартуы керек болған. Бұл келісім 2011 жылдың 17 қаңтарында алынған.
«Сауда шикізат секторындағы компанияның бақылаушы акциялар пакетін SAT&Company компаниясының сатып алуына Қазақстан үкіметінің келісімін алған соң ғана 2011 жылдың 17 қаңтарында аяқталды. Саудадан түскен қаржыны ShalkiyaZinc өзінің қарыздарын төлеуге, әсіресе БТА банктің займдарын өтеуге, сонымен бірге айналымдағы капиталға және өзге де бірінші кезектегі мұқтаждықтарға жұмсайды», -делінген құжатта.

Баспасөз-парақшасында ShalkiyaZinc компаниясының жаңа басқарушы командасының жұмысқа кіріскендігі атап өтілген. Оның құрамында Марат Сақтыбаев, Данияр Аманов, Орынғазы Жаболдинов, Роллан Мусинов, Мұрат Перзадаев және Айнұр Бидайбекова бар.
Аналық компания миноритарлы акционерлерге олардың акцияларын сатып алу жөнінде ұсыныс жасады.
«SAT&Company компаниясы ShalkiyaZinc-тің әр акциясын $2,023 бағалап сатып алатындығын хабарлады. Миноритарлы акционерлердің акцияларын сатып алу жөніндегі ұсыныс 28 күнге дейін күшінде болады. ShalkiyaZinc-тің тәуелсіз директорлары бұл ережені мақұлдап, миноритарлық акционерлерге өз акцияларын мажоритарлық акционерге сатуға кеңес берді», -делінген таратылған хабарламада.
SAT&Company мұнай өнімдері саудасымен, мұнайхимия, құрылыс, металлургия және экономиканың өзге де жылдам өсіп келе жатқан салаларына инвестиция салумен айналысады. Компанияның негізгі акционері Кеңес Рақышев, оның қолында компанияның 53,4% қарапайым акциялары бар. Тағы 20,07% акциялар «Alliance Group» ЖШС иелігінде.