Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2070 0 пікір 19 Қаңтар, 2011 сағат 07:20

Қазақстан мен Малайзия СІМ басшылары ИКҰ аясындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды

Астана. 18 қаңтар. ҚазТАГ - ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен Малайзия Сыртқы істер министрі Датук Анифа Аман телефон арқылы болған сұхбатында ИКҰ аясындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды, деп ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Әңгімелесуші тараптар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Абдул Разактың ағымдағы жылғы кездесуі қосымша серпіліс береді деп күтіліп отырған Қазақстан мен Малайзия арасындағы ынтымақтастық жағдайы мен болашағын талқыға салды», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі сейсенбі күні таратқан хабарында.

Құжатта айтылғандай, «екі елдің көшбасшыларының кездесуін жемісті дайындау мақсатында, сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелерін талқылау үшін тараптар науырыз айының бірінші жартысында Астанада келіссөздер жүргізуге келісті».

«Өз кезегінде Д.Аман Қазақстанды ЕҚЫҰ-дағы сәтті аяқталған төрағалығымен құттықтай отырып, өзінің елі алдағы уақытта Қазақстанға «Ислам Конференциясы» Ұйымының Сыртқы істер министрлер Кеңесінің төрағасы ретінде сенімін артатынын және осы жауапты миссияны атқаруда Куала-Лумпур тарапынан Астанаға толық қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Өз әріптесіне алғысын білдірген Қ.Саудабаев екі елдің қарым-қатынасы белсендене түсетініне сенімін білдірді», - делінген хабарда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522