Дүйсенбі, 26 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2333 0 пікір 19 Қаңтар, 2011 сағат 07:22

Синоптиктер Қазақстанның солтүстігі мен шығысында аяз күшейіп, оңтүстігі мен батысында қар жауып, бұрқасындатып, көктайғақтанады деп болжап отыр

Алматы.19 қаңтар. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіндегі ауа райын антициклон тармақтары қалыптастырады. Республиканың батыс және оңтүстік аймақтары атмосфералық тұтас ағым ықпалында болады да, ол жауын-шашын әкеліп, бұрқасындатып, тұмандатып, көктайғақ пен желді күшейтеді, деп  «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Метеоқызмет болжамына сәйкес, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан 18-23 м/с жел тұрады. Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақтанады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жел тұрады. Мағыстау облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, көктайғақтанып, 18 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында - кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жел соғады.

Жақын күндері республиканың өзен-көлдерінде мұз қату үдерісі одан ары жалғасып, жекелеген өзендерде мұз тоспалар пайда болып, су деңгейі көтеріліп, арнасынан асып, тасуы мүмкін.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2901
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4632