Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2194 0 пікір 19 Қаңтар, 2011 сағат 14:08

Нұра Матай. Қасиетті жұмада Смағұл Сәдуақасовтың сүйегінің күлі Астанаға жетеді

Бар ғұмырын қазақтың азаттығы мен алаңсыз ғұмыр кешуіне арнап, қилы заманда асқан қайсарлықпен, батылдықпен елдің ертеңі үшін күрескен Алаштың аяулы ұлы Смағұл Сәдуақасовтың сүйегінің күлін туған топырағына алып келуге туыстары және бір топ алашшыл азаматтар Мәскеуге аттанып кетті. Ақ жол!

Қасиетті жұма күні, қаңтардың 21-інде таңғы сағат 5-те Алланың қалауы, Алаштың тілегімен Смағұл Сәдуақасұлының сүйегінің күлі Астана жетеді. 77 жылдан кейін. Бұл - қазақтың біртұтастығын, ұлт тұлғаларына деген ерен құрметін танытатын және барша Алаш жұрты болып Смағұлдай арысымызды жоқтайтын күн. Алпыс екі тамырындағы қан Алаш деп соғып тұрған әрбір азаматтың Смағұл Сәдуақасов сүйегінің күлін күтіп алып, жер қойнына берерде бір уыс топырақ тастауы парыз.

Смағұл Сәдуақасовтай ұлт қайраткерінің сүйегінің күлінің атамекеніне жетуі - Алаш рухының қайта түлегенін, әрбір қазақтың артында жоқтаушысы бар екенін паш етеді.

Әлбетте, жат жерде жан берген Смағұл Сәдуақасовтың сүйегінің күлін елге жеткізуде аянбай тер төккен азаматтарды атамасқа болмайды. Смағұл Сәдуақасовтың сүйегінің күлі Мәскеудің «Донское кладбищесінде» сақталып тұрғанын  «Мемлекеттік тілді қолдау» қорының бұрынғы басшысы Берік Әбдіғали алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлынан естіген сәттен бастап, сүйек күлін елге әкелуге кірісіп кетеді. Бұл істе Сабыр Қасымовтың  да еңбегі зор. Мәскеудегі сүйек күліне байланысты шаруаларды реттеген, ойға, қырға шапқылап тыным таппай Смағұл Сәдуақасовтың сүйегінің күлі еліне жетуін тездеткен осы Сабыр мырза. Және бұл іске мемлекеттік билікте жоғарғы қызметте отырған алашшыл азаматтар да атсалысқанын айтқан жөн.

Ендігі сәтте бүтін қазақ баспасөзі осынау ұлтымыздың тарихындағы айтулы оқиғаны, Смағұл Сәдуақасовтың сүйегінің күлінің ұлы далаға келуін, туған топыраққа жетуін барша жұртқа паш етуді әдеттегідей бірлік пен бірауыздылық танытарына сенеміз

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522