Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2076 0 пікір 20 Қаңтар, 2011 сағат 10:05

Премьер АШМ-ға ағымдағы жылы елдегі азық-түлік қауіпсіздігін ерекше назарда ұстауды тапсырды

Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Елена Преображенская.  ҚР премьер-министрі Кәрім Масімов ауыл шаруашылық министрлігіне (АШМ) ағымдағы жылы елдегі азық-түлік қауіпсіздігін ерекше назарда ұстауды тапсырды.

«Өкінішке қарай, барлық болжам бойынша, 2011-шы және алдағы екі-үш жылда азық-түлік бағасының тұрақсыздығы мен азық-түлік жетіспеушілігі байқалуы мүмкін», - деді К. Мәсімов бейсенбі күні АШМ коллегиясының отырысы барысында.

Осыған байланысты ол министрлік басшылығына елдегі азық-түлік қауіпсіздігін ерекше назарда ұстауды тапсырды. «Азық-түліктік қауіпсіздік мәселесі алда сыннан өтеді», - деп атап көрсетті ол.

«Біріншіден, еліміздің ішкі нарығы мейлінше азық-түлікпен қамтамасыз етілуі тиіс», - деп нұсқау берді үкімет басшысы.

Ол, үкімет пен барлық мемлекеттік органдар биыл азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық кешенді шараларды, оның ішінде тек қана нарықтық реттеуді ғана емес, барлық шаралдарды қолдануы тиіс екенін атап өтті.

К. Мәсімов АШМ басшылығын Қазақстанның ішкі нарығында қаңтар айында азық-түлік бағасының көтерілуі байқалатынына назар аударды.

«Сіздер бұл мәселеге облыстар бойынша мұқият қадағалауларыңыз керек. Негізгі азық-түлікке деген қол жетерлік бағаны біз халыққа қамтамасыз етуіміз керек», - деді ол АШМ басшысы Ақылбек Күрішбаевқа қаратып.

К. Мәсімов баға тартымдылығы себепті барлық азық-түлік Қазақстаннан тыс жаққа кетпеуін де қадағалап отыруды тапсырды.

«Жүйені экспорт пен ішкі нарықтағы тепе-теңдік болатындай етіп реттеу керек», - деп қорытындылады үкімет басшысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498