Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2648 0 пікір 11 Маусым, 2009 сағат 06:08

Қазақ азаматтары шетел түрмелерінде шіри бере ме?

Таяуда Египеттің арнайы қызмет орнының адамдары «ал-Азхар» университетінде оқып жатқан 198 студентті ұстап қамап тастады. Қамалғандардың арасында қазақ жастары да бар. Жастарға нақты қандай айып тағылғаны әлі күнге бұлыңғыр. Мәселенің мән-жайын білмек болған ақпарат өкілдеріне Мысырдағы Қазақстан елшілігі мандытып жауап бере алған жоқ.
Кейбір дерек көздеріне жүгінсек, Ресейдің түрмелерінде екі мыңға жуық қазақ азаматы айыбын өтеп жатқан көрінеді.
Жалдық сипаттағы Байқоңырда  Ресей милициясы қазақ полициясын сақтық шараларына араластырмайтын болыпты. Бұл туралы редакциямызға Байқоңырдағы тілшіміз хабарлап отыр.
Ресейдегі неонацистердің қолынан қаза тапқан қазақтың өрімдей қыз-жігіттерінің арты сұраусыз қалып барады.
Cыртқы істер министрінің орынбасары Н. Әбіқаев «өздері кінәлі» деп мәлімдеген Нүкіс қаласындағы (Өзбекстан Республикасы) тергеу изоляторында отырған азаматтарымыздың қылмыстық істері ашық дәлелденбестен сотталып кететін сияқты. Ал олардың туысқандары болса, АҚШ преизденті Обама мен РФ президенті Медведевтен араша сұрап хат жазуда. Неге? Себебі...
(Талқы форумға шыққан тақырыпқа байланысты клуб мүшелері мен жалпы оқырман  мынандай электронды пошталарға: abai-akparat@mail.ru, dauren-kuat@mail.ru, asarimov@mail.ru  жазып жіберулеріне болады.)

 

 


 

 

Таяуда Египеттің арнайы қызмет орнының адамдары «ал-Азхар» университетінде оқып жатқан 198 студентті ұстап қамап тастады. Қамалғандардың арасында қазақ жастары да бар. Жастарға нақты қандай айып тағылғаны әлі күнге бұлыңғыр. Мәселенің мән-жайын білмек болған ақпарат өкілдеріне Мысырдағы Қазақстан елшілігі мандытып жауап бере алған жоқ.
Кейбір дерек көздеріне жүгінсек, Ресейдің түрмелерінде екі мыңға жуық қазақ азаматы айыбын өтеп жатқан көрінеді.
Жалдық сипаттағы Байқоңырда  Ресей милициясы қазақ полициясын сақтық шараларына араластырмайтын болыпты. Бұл туралы редакциямызға Байқоңырдағы тілшіміз хабарлап отыр.
Ресейдегі неонацистердің қолынан қаза тапқан қазақтың өрімдей қыз-жігіттерінің арты сұраусыз қалып барады.
Cыртқы істер министрінің орынбасары Н. Әбіқаев «өздері кінәлі» деп мәлімдеген Нүкіс қаласындағы (Өзбекстан Республикасы) тергеу изоляторында отырған азаматтарымыздың қылмыстық істері ашық дәлелденбестен сотталып кететін сияқты. Ал олардың туысқандары болса, АҚШ преизденті Обама мен РФ президенті Медведевтен араша сұрап хат жазуда. Неге? Себебі...
(Талқы форумға шыққан тақырыпқа байланысты клуб мүшелері мен жалпы оқырман  мынандай электронды пошталарға: abai-akparat@mail.ru, dauren-kuat@mail.ru, asarimov@mail.ru  жазып жіберулеріне болады.)

 

 


 

 

Қазақстанның сыртқы саясаты қаншалықты көпвекторлы десек те, халықаралық деңгейде еліміз өзінің ұлттық ұпайын сақтаумен қатар, өз азаматтарының құқын толыққанды қорғап отыруы тиіс. Ресеймен арада әлі де түйткілді мәселелер баршылық. Әрине, бүгінгі таңда Ресей-Беларусь-Қазақстан кеден одағы іс жүзінде жүзеге асудың сәл-ақ алдында тұрғанда, қазақ пен орыс дипломатиясына қаяу түсіретін Байқоңыр мәселесі, скинхедтер қолынан қаза тапқан қазақ азаматтарының сұраусыз қалуы, т.б. проблемалар кейінге шегерілген сайын ушыға түседі. Ал жергілікті халық биліктен бұл түйткілдердің шешілуін талап етеді.

Ал Египет пен Өзбекстандағы қазақ азаматтарының негізсіз тергеу изоляторларына тоғытылуы Қазақстанның жаңа проблемалардың «көкжиегінде» тұрғанын байқатады. Бүгінде әлемде қазақтың табаны тимеген жер жоқ. Және сыртта жүрген әрбір қазақ азаматы егерде оның басына қауіп төнсе, оны құтқарып, дін аман сақтап қалатын мемлекеті барын сезініп жүруі тиіс. Қазақстан өзге де елдер сияқты әлемнің түкпір-түкпірінде негізсіз айыпталып немесе басы дауға қалып жатқан әрбір азаматын қорғауға міндетті. Бұл - әрбір Қазақстан азаматына берілген конституциялық кепілдіктер. Бұл орайда шетелде тұтқындалған азаматтарды сотқа дейін қорғаушылармен қамтамасыз етіп, мәселенің анық-қанығын анықтау, оның туған-туыстарына тиісілі мәліметті жөнелтіп, БАҚ-тарға нақты ақпарат беру де тиісілі мемлекеттік құрылымдардың мойнында. Ол Қазақстан азаматы ма, оны Қазақ мемлекеті қорғауы керек. Ал «өздері кінәлі екен» деп қол сермей салу, әрине, құзырлы министрліктерге абырой әкелмейді. Керісінше, дәл осындай адами факторлар тиісті мемлекеттік органдардың беделіне қаяу түсіріп, жалпы халықтың билікке деген сенімін азайтады. Елдің наразылығын туғызады. Халықаралық беделімізге де нұқсан келтіреді. Мәселен, өткенде Ресей французға тұрмысқа шығып, ажырасқаннан соң баласынан айрылған орыс әйелінің мүддесін қалай қорғады?! Сонда француз заңдары әке жағын қолдап, баланы француз азаматына берсе, Ресей орыс әйелін қолдап, баланы ана жағына беруді ұйғарады. Міне, бұл әрбір мемлекеттің өз азаматын қорғау әрекеті! Ал өз азаматтарымыздың өзге елдердің заңдарымен сотталып кетуін күтуіміз мемлекеттігімізге сын. Кінәлі ме, жоқ па, Қазақстан мемлекет ретінде өз азаматтарымызды қорғауда өз талаптарын қоя білуі керек. Сонда ғана мемлекетке сенім мол болады.

 

Камшат Тасболатова.

 

 

Өз азаматтарын қорғай алмаған мемлекеттен не қайыр? Туған халқын қорғай алмайтын адамның өткен тарих туралы жазғаны қызық екен. (Тарихқа қатысты «тырнақалды» шығармасын «abai.kz» сайты сойып салды) Тарихты жазатын адамдар бар. Тарихты түгендеу Әбіқаевтың міндеті емес. Ол ана өзбектің абақтысында зар жылап жатқан, Египетте еңіреп жүрген қазақ жігіттеріне араша түссін. Сонда оның аты тарихта жақсы қырынан қалатын шығар. Ал болашақ ұрпақ оның мына әрекеті үшін бетіне түкіреді.

 

Кенесары.

 

 

Елимиздин мінбедегі аткамінерлері Мерседесмінер болған соң ашынған халық қайтпек? Өзге елдің елбасына мұң шағып кағынып па қазақ елі, егер өз елінен пана-қорған тапса. Ех, қазағым майырылмас қылышсың деп мақтаушы едік....шорт сынып кетпесең болғаны. Жат елде жүрген қазақ қауымын былай қойғанда өз жерінде жүрген қазақты да қозыдай көгендеп тапа-тал түсте акетіп жатыр. Ал біз тек шатпакка шеберміз... Сөзбен іс бітпейді, іске кірсейік.

 

Нартай Сарсенгалиев

 

 

Дәл мұндай жағдайда Қазақстанның сыртқы істер ведомоствосының қандай қимыл-қарекет жасауы керектігінен хабарсыз екенмін. Бірақ, бір нәрсені менің бисаяситүсінігім баяғыдан білетін еді: заң бұздың ба, сазаңды ал! Мемлекеттің басты құндылығы болып табылатын оның Азаматтарының құқы бұзылды ма, жазасын мемлекет беру керек. Еш болмағанда, қорғауы, қамқор болуы тиіс емес пе еді! «Абай.кз» таратқан ақпаратқа жүгінсек, алабағанның арғы жағындағы отандастарымыздың ау-жайы да, оларға қатысты мемлекеттің ұстанымы да анық емес, егер азаматтардың сол мемлекеттің заңын бұзғандығы дәлелденсе, Әбіқаевтікі жөн болмай қайтеді? Әрине, «Қазақстанда адам санаулы» (Алтынбек Сәрсенбайұлының айтқаны – Қ.М.), қандастармызды жатқабырғада жатқызып қоюға болмас, бірақ, бір нәрсені түсінуге тырысайық та: ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІҢ ЗАҢДАРЫН БЕЛІНЕН БАСЫП ЖҮРУГЕ ҚАЗАҚСТАНДА ҒАНА МҮМКІНДІК БЕРІЛГЕН!!!
Әсілі, шетелдегі істі қазақтардың тағдырына Әбіқаев емес, Назарбаев араласуы керек сиякты… Егер Елбасын ел ішінің амандығы елең қылмайтындай жағдайға жеткен болсақ, Обамадан Қазақстанда қазақ тіліне үстемдік алып беруді, Медведевтен мұнай игеріп жатқан қытайларды тәртіпке салып беруді қоса сұрайық та… Қарсылық бар ма?

 

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ

 

Осы мәселеге қатысты қоғамдық ұйымдарды ұйымдастырып, мәлімдеме жасату жағын қарастырып көрсек қалай болады? Пікір айтып қана отырмай нақты іске көшсек дегенім ғой. Қалай ойлайсыңдар?

 

Дәрмен Смайыл

 

 

Тәумендікті «тәрк еткен» Қазақстан өз азаматтарының тәуелсіздігін қорғауда пәлендей  алға шыға қойған жоқ. Біз ашқан пәлсапа емес, бұрыннан солай-тұғын. Бұл ретте билігіміздің о бастан қиялап алған саяси траекториясы сызын бермей қоймайды. Әлемдік аренадағы атағымызды жаю үшін ЕҚЫҰ-ға, Ислам Лигасы секілді ұйымдарға мүше болу, онымен қоймай, төраға болу бір бөлек те, жеке-дара азаматтарымыздың құқын қорғау – бір бөлек. Екінші мәселе бойынша біздің Сыртқы істер министрлігінің табандылық көрсетпей, ынжықтыққа баратыны өкінішті-ақ... Күлкің келеді. СІМ «Егер тұтқынға түссең, сен мені, мен сені танымаймын» деген ескі шпиондық сертке адал сияқты. Нүкістегі, Кайрдегі соңғы оқиғалар – осының дәлелі. Марат Тәжин ерден түспей, шет ел аралап, шөміштеп бедел жинап жүргенде, азаматтарымыздың Обама мен Медведевке ара түсу туралы хат жазулары осы тірлігін «еш қылады». Осыны түсінсе нетті...

 

 

Өркен КЕНЖЕБЕКОВ

 

 

Бауырлар, қолдарыңда төлқұжаттарың бар ма? Бар болса оның алғашқы бетін ашып оқыңдаршы. Онда былай деп жазылған: «Паспорт Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады, ал оның иесі Қазақстан Республикасының қорғауында болады». Орысшасын оқиық: «Паспорт является собственностью Республики Казахстан, а его владелец находится под защитой Республики Казахстан». Ағылшын тілінде де осы жолдардың дәлме-дәл аудармасы берілген. Қысқасы, Қазақстан өкіметі өз елінің азаматтарына берген уәдесін орындауға қауқарсыз болып отыр. Бұл өкімет халыққа өтірік айтып, халықтың тағдырын аяққа таптаумен ғана келеді. Нүкісте жатқан жігіттердің басындағы хал соның бірі ғана. Олардың Өзбекстан заңымен сотталып, жазаларын сол жакта өтері дауссыз. Мені ойландыратыны Ҁ «ертең олар елге кім болып келеді?» - дейтін сұрақ. Расында олар елге кім болып келеді? Отаным, елім, ағайын жұртым деп келеді ме? Әлде, «сендердің дінің басқа, ниетің харам, Құдайың бөлек» деп келе ме? Мұның бәрін былай қойғанда олардың аман сау елге оралуына мүдделі біреу бар ма? Меніңше, олардың отабысы мен аз ғана топ қана осы сауалға жауап іздеп алаңдап отырған сияқты.

 

 

Сардар Бек.

 

 

 

Қазақстан АЮДЫ алқымынан алатын, ҚАСҚЫРДЫҢ құйрығын бұтына қыстыратын күйде емес. Дегенмен, бірбірін көре алмайтын қазақ деп өзімізді өзіміз кемсіткенмен, жау жағадан алғанда жұмыла қалатын қасиетімен ұланғайыр даланы сақтап қалғанын ұмытпайық.
Ал енді қазақтың тағдырына қол сілтеген министрліктегілердің өзін орындарынан алып тастау қажет. Немесе ақ-қарасы анықталмай, абақтыға қамалған қандастарымызды өзбектің түрмесінде шіріткенше, шынымен айыпты болса өз топырағында жазасын өтетсін...
Қалмағанбет дұрыс айтады, жер бетінде жатжұрттықтар талтаңдайтын бір-ақ жер бар ҚАЗАҚСТАН деген. Алысты айтпағанда, оған ғасыр жобасы - «Болашақ» зауытында шетелдік мердігерлер мен жергілікті қазақ жұмысшылары арасында жиі қақтығыс болып тұратынын мысал етсек те жеткілікті. «Қазақстанда жоқ» деген сылтаумен келген шетелдіктердің ішінде ағашты темірден айыра білмейтіндігіне қарамастан, «шебер» атағымен бригада басқарып, қазақ жұмысшыларын бір шыбықпен айдап жүргендері барын айтып шағынатындар бар. Тіпті, соңғы кезде сынықты сылтау етіп, бірінен соң бірін жұмыстан шығарып жіберу фактісі жуырда тағы қайталанды.
Қысқасы, бұл жағдай өзін журналиспін деп жүргендердің (әрине, өзбекиядағылар) мемлекет қайраткері Асқаровты қорғап қалған Нури Муфтах секілді мықтылығын көрсетер жері.

 

 

Арал БАЙЖІГІТОВ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576