Сенбі, 23 Қараша 2024
Дат 3821 4 пікір 20 Наурыз, 2018 сағат 13:23

Ауа райы қолайсыз болса,  жаңажылды қаңтарда емес, наурызда атап өтейік!

 

ҚР Бас прокуроры

Қ.П.Қожамжаровқа

Көшірмесі  

ҚР Мәдениет және спорт министрі

А.Мұхамедиұлына

Көшірмесі

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі

Д.Ә. Абаевқа

 

Ашық хат

                                                  Құрметті  Қайрат Пернешұлы!       

 

Сіздің назарыңызды жыл сайын «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы»  заңның  (2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған №267-ІІ)  бұзылып келе жатқандығына  аударамын.

Атап айтқанда, осы заңның 3-бабында көрсетілген  «21-23 наурыз  - Наурыз мейрамы» деген бөлігін жыл сайын кейбір ұлттық компаниялар мен органдар, жекелеген  және мемлекеттік мекемелер ауа райын сылтауратып, заңда бекітілген күндері емес, сәуір айында мерекелейтін дәстүрді қолдан жасап алған.  Бұл жағдай аталмыш мерекеге бөлінетін қаржының мақсаттан тыс, басқа сипаттағы демалыс шараларына жұмсалып, ал атауы Наурыз мерекесі түрінде шығындалатыны мәлім. Және де заңда көрсетілген даталар  қасақана түрде бұзылып отыр.

Егер де әр компания мен ұжым, мекемелер мен ұйымдар ойына келген күні заңда бекітілген мемлекеттік мерекелерді атайтын болса, ондай заңның қажеті қанша? Оның құзыры қаншалықты деген сауалдар туындайды. Бұл жағдай соңғы оншақты жыл бойы орын алып келеді және ол Астана қаласы мен солтүстік өңірлерге тән болып отыр.

Ауа райы қолайсыз болса,  заңға өзгеріс енгізіп, күнтүзбелік  жаңажылды  1-2 қаңтарда емес, 1-2 наурызда атап өтуді ұсынуға тура келеді.

Бұлардың бәрі бассыздық пен келеңсіздіктер ғана емес, заң бұзу айғақтары болып табылады.

Аталмыш мәселе бойынша шара қабылдауды және бақылауға алуды сұраймын.

 

Құрметпен, ҚР азаматы  - Серік Ерғали

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383