Семейде жаңа әкім тағайындалды
Семей. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Семейде Шығыс Қазақстан облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысында қаланың жаңа әкімі Айбек Кәрімовтың кандидатурасы мақұлданды, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.
Бұрындары А. Кәрімов Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха аудан әкімі қызметін атқарған.
Бұрын хабарланғандай, премьер-министр Кәрім Мәсімов Семей қаласының әкімі Мейрамхат Айнабековты «жылумен қамтамасыз ету нысандарын дайындауда жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыра алмағаны, жылу көздерінің жұмысына лайықты бақылау жасамағаны және апаттық жағдайда шара қолданбағаны үшін»қызметінен босату туралы тапсырма берген болатын.