Сенбі, 23 Қараша 2024
Бетбұрыс 4271 1 пікір 21 Наурыз, 2018 сағат 11:01

Философтың болжамы: Жаңа жылдан үмітім мол!

 

Жуырда ғана елдің еңсесін көтеруге «ресми рұқсат» алынды: Қазақ халқының жауапкершілігі, тарихи миссиясы туралы жоғарғы мінберден жария етілді.

Бұның, аз да болса, ұлттық дамуға серпін беретіні рас. Бұйығып жатқан ұлттық сана басын көтере бастайды...

Ұлттық сананың "оянуы" − қазақтың төл мінезі − әділдік пен тура төрелікті қажетсінетін болады.

Бұрынғы − "бөліп ал да билей бер" деген бетімен кетушілік аяғын тарта бастайды...

Тауға шығып алған коррупция аяғын аңдап басып, қарқынын жоғалтады. Сөйтіп, "аса мәртебелі" коррупцияның қан тамырлары суала беретін болады. Себебі, мемлекеттің қазынасы да, елдің оған төзімі де  таусылуға шақ...

Жемқорлық қарқыны азайуы −  кәсіпкерлік қақпасын ашуға итермелейді. Қоғамда шынайы білімге, шынайы ғылымға сұраныс арта түседі.

Қоғам сауаттанған сайын, оның өзін-өзі қорғау иммунитеті және өмір сүруге құштарлығы артып, қоғамды аяғынан тұсап отырған лас тірліктерді бұрынғыдан бетер қарқынды аластауға кіріседі...

Ауа тазарады, аула тазарады, су тазарады, ниет пен пиғыл тазарады!

Бүгілген бел түзеле бастайды, иілген бас - көтерілуге талпынады...

Ең бастысы: Ұлттың ұлттығы артқан сайын −  Ұлт өзін де, өзгені де ұлықтауға қабілетті бола береді!

Осыны ұқпаған көсем − көсем емес!

Отандастарым, арда азаматтарым, бесік киесі – қыздарым!

Наурыз құтты болсын!

Әбдірашит Бәкірұлы, философ-публицист

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394