Нұра Матай. Қабірлерді қиратып кетіпті
Айдың, күннің аманында Атырауда екі бірдей мұсылман зиратындағы бейіттерді белгісіз біреулер қиратып кеткен. Құдайдан қорқу сезімінен ада қағынған топ бейіттердің кірпіштерін құлатып, қайтқан адамның аты-жөні, суреті бейнеленген құлыптастарды қиратып тастаған. Тіпті, екінші қабірстанда 16 бейттің астан-кестенін шығарған. Елдің жағасын ұстатқан бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болып отыр. Бұл туралы зона.кз. сайтының блогына Атыраудағы адам шошырлық жағдай туралы хабар жазғандар азаматтар жеткізіп отыр.
Алайда, асқан қатыгез бұзақылықтың артында діни секталар: вахабиттер мен салафилер тұр. Өйткені, олар қазақтың о дүниелік болған адамды жерлеу салтына қарсы деген сөз ел ішінде гулеп тұрғаны байқалады.
Дегенмен, Атырау облысының бас имамы Нұрбек-қажы Есмағамбет қабірлерді қиратқандарды нақпа-нақ тапқанша, жұртшылықтың қандай да бір болжамдарға бой алдырмауларын өтініп отыр.
Егер елдің күдігі шынға айналып, бұл қылмыстық істің артында діни секталар тұрғаны анықталса, онда ел үкіметі, құрылымдық күштер елдегі діни жағдайды қатаң бақылауға алуы тиіс екенін айдан анық.
Оқиғаға суреттер куәлік етеді.
«Абай-ақпарат»