Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық 4195 0 пікір 26 Наурыз, 2018 сағат 10:33

Ясауи хикметтерінің түпнұсқасы табылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Түркия Республикасы, Стамбул қаласынан ясауитанушы ғалым, Қожа Ахмет Ясауидің 27-ші ұрпағы, «Yesevi ocaklari» журналының бас редакторы Исметулла Ясауи келді.

Қорық-мұражайда өткен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара барысында Исметулла Ясауи салтанатты түрде Қожа Ахмет Ясауидің "Диуани хикмет" қолжазбасының түпнұсқасын «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлына табыс етті. Кітап - 1212 жылы шағатай тілінде жазылған. Ясауитанушының айтуынша жеті ғасырға жуық сақталып келген құнды жәдігердің түпнұсқасында жарыққа шықпаған дүниелер мол. Алдағы уақытта аталған құнды жәдігерді Астана қаласындағы Ұлттық сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығын апарып аударма жұмыстарын жасату жоспарлануда.

Салтанатты шара Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтуге ұласты. Маңызды басқосуға жиналған халық музей ұжымы дайындаған Наурыз көже мен дастарханнан дәм татып, концерттік бағдарлама тамашалады. Ұлыстың ұлы күнімен барша қызметкерлерді құттықтаған мекеме басшысы Нұрболат Қадырұлы ясауитанушы Исматулла Ясауиға "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мəдени қорық мұражайы атынан арнайы сыйлықтар табыс етті.

Д.Қожамұратов, "Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің
баспасөз қызметі

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357