Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2148 0 пікір 22 Қаңтар, 2011 сағат 04:44

Өзбекстан ІЖӨ 2010-шы жылы 8,5%-ға өсті - президент

Ташкент. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Өзбекстан ІЖӨ көлемі 2010-шы жылы 2009-шы жылмен салыстырғанда 8,5%-ға өсті деп Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов, жұма күні республиканың министрлер кабинетінде өткен жылғы экономика мен әлеуметтік саланың даму қорытындысына арналған отырысында сөйлеген сөзінде мәлім етті (2009-шы жылы ІЖӨ 8,1%-ға өсті).

Оның айтуынша, өнеркәсіп өндіріс көлемінің өсуі 8,3%, ауыл шаруашылық өнімдері - 6,8%, капитал салу көлемі – 13,6%-ға өскен.

И. Кәрімов мемлекеттік бюджет экономикаға салықтық салмақты азайту жағдайында ІЖӨ-ға 0,3% профицитпен орындағанын мәлім етті. Инфляция деңгейі белгіленген деңгейден аспады.

«2010-шы жылы экспорт көлемі 10,8%-ға артып, еліміздің алтын-валюталық қоры артты», - деді И. Кәрімов.

Шағын және жеке кәсіпкерлікті ынталандыру олардың ІЖӨ-дегі үлесін 2009-шы жылғы 50,1%-дың орнына 52,5%-ға жеткізді.

Президент былтыр жаңадан 953,7 мың жаңа жұмыс орны ашылғанын, олардың 576,5 мыңы ауылды жерлерн ашылғанын жеткізді. Жаңа жұмыс орындарының 65% шағын кәсіпкерлік пен фермерлік шаруашылықта ашылды. Халықтың нақты ақшалай табысы 2009-шы жылмен салыстырғанда 23,5%-ға артты.

2011-ші жылы үкімет республика ІЖӨ-нің өсуін 8,3%, өнеркәсіпте - 9,3%, ауыл шаруашылығы өнімдерінде - 5,8%, капиталдандыруда - 12,4% өсім болады деп болжауда. Инфляцияны 7-9% аралығында ұстап тұру жоспарлануда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470