Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында ауа райының суытуы күздік дақылға қауіпті емес – Қазгидромет
Алматы. 23 қаңтар. ҚазТАГ – «Қазгидромет» РМК метеорологтары республиканың оңтүстігі мен шығысында алдағы аптада болады деп болжанып отырған суық күздік дақылдарға қауіпті емес, деп отыр.
«Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы суытқанымен, жалпы алғанда осындай ауа райы күздік дақылдарға қауіпті емес», - делінеді «Қазгидрометтің» агрометеорологиялық болжамында.
Бірақ, жауған қар мен кей жерлерге түсетін тұман малдардың қысқы жайылымдарда жайылуын қиындатады, дейді метеорологтар.
Ауа райының болжамына сәйкес, қаңтардың 22-28-дерінде Қазақстанның орталығы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы ауа температурасы төмендеп, батысында аздап көтеріліп, қалған территориясында ауа температурасы бір қалыпты деңгейде сақталады.

Кезеңнің екінші жартысында республиканың батысы мен оңтүстік-батысында, қалған территориясында кезеңнің бірінші жартысында аздап жауын-шашындатады. Еліміздің солтүстік бөлігінде бұрқасын болады деп күтілуде.