Жұма, 22 Қараша 2024
Сүйінші! 4554 5 пікір 28 Наурыз, 2018 сағат 17:01

Отыншының "Бабай-Бүркіті" Қанатқа қанат бітірді

 

Республикалық  патриоттық,  әдеби-танымдық  «Ұлт болмысы»  журналы өткен жылы   әйгілі «Алашорда»  партиясы мен үкіметінің құрылғанына  ғасыр толуына  орай поэзия,  проза,  журналистика және драматургия салалары  бойынша мүшәйра жариялаған еді. Әдебиеттің аталған салаларын саралап, өз әлінше қалам тартқан жүйріктердің жарысы қортындыланып, бүгін саңлақтардың есім сойы анықталды.

Сонымен проза бойынша бас жүлдені жазушы Талғат Кеңесбаев жеңіп алды. Оның «Түнде ұшқан қаршыға»  шығармасы үздік деп танылып, автокөлік иегері атанды.

1-орынға қазылар  алқасы жас жазушы, Abai.kz ақпараттық порталында бас редактордың орынбасары қызметін атқаратын Қанат Әбілқайырды лайықты деп тапты. Жүлде қоры 500 мың теңге. 2-орынды Марат Әзімхан жеңіп алса, 3-орын Ғалым Қалибекұлына бұйырды. Ынталандыру сыйлығы Бекен Ыбырайымға берілді. Ал Әлихан БӨКЕЙХАН атындағы сыйлықты Ерболат Баятұлы иеленді.

ПОЭЗИЯ ЖАНРЫ БОЙЫНША

1-орынды «Ғасыр тілегі» шығармасымен Г. Калидина алды. Жүлде қоры 500 000 теңге. 1-орыннан кейінгі жүлделі орындарды тиісінше төмендегі ақындар иеленді:

2-орын Ақсұңқар Ақынбаба. 

3-орын Дәулетберді Жекейұлы.

Ынталандыру сыйлығы  Таңсәуле Әгенқызы, Мәрлен Мәлікұлы.

Н.Назарбаев атындағы арнай жүлде Ақсүйрік Жүсіпқызы.

М.Дулатұлы атындағы арнайы жүлде Қарлығаш Хавай.

 

ДРАМАТУРГИЯ ЖАНРЫ БОЙЫНША

2-орын Думан Рамазан.

3-орын Ақылбек Шаяхметов.

Ынталандыру сыйлығы Тұрсынәлі Рыскелдиев.

Қошке Кеменгерұлы атындағы арнайы жүлде Төрехан Майбас.  

ЖУРНАЛИСТИКА 

2-орын Заңғар Кәрімхан.

3-орын Марфуға Шапиян.

Ынталандыру сыйлығы  Алтынбек Құмырзақ, Бауыржан Сегізбаев, Айдын Рысбекұлы.

Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ атындағы арнайы жүлде Қанат Жанашұлы.

Редакциядан: Біздің ұжым мүшәйрада қара үзіп шыққан қаламгерлерге ерекше ықыласпен жүлделеріне құтты болсын айтады. Сол жүйріктердің ішінде біз үшін, әрине, Қанат Әбілқайырдың орыны бөлек. Ол әдеби-танымдық  «Ұлт болмысы»  журналы ұйымдастырған бәйгеге "Бабай-Бүркіт" әңгімесін салды. Талантты жас жазушының бұл шығармасында Алаш полкін құрып, ақ пен қызылдың қырғынына қарсы тұрған, жан аямай күрескен Отыншы Әлжановтың тағдыры, оның азаттықты аңсаған өр рухы әйгіленіп, өле өлгенше төбесінде айналып ұшып жүрген қыран құс туралы баяндалады. Әдеби-танымдық  «Ұлт болмысы»  журналы рұқсат етсе, автормен келісе отырып, "Бабай-Бүркітті" жариялайтын боламыз.

Abai.kz

 

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303