Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2948 0 пікір 24 Қаңтар, 2011 сағат 13:57

Президент ақын Қадыр Мырза Әлидің өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ –Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мырза Әлидің өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп президенттің баспасөз қызметі дүйсенбі күні хабарлады.

«Ардақты ақынның дүниеден өтуі қазақәдебиеті үшін орны толмас қаза. Оныңазаматтық, патриоттықтақырыптарға жазылған, философиялықтүйіндеулерге құрылған жырларын халқымызсүйіп оқитын. Қадыр Мырза Әли тек қаламгерлік қайратымен ғана емес, биік азаматтық болмысымен, еңбексүйгіштік қасиетімен де жұртшылыққа жақсы үлгі еді. Халқымыз оның жарқын дидарын, тапқыр да шуақты әзілін сөзсіз сағынатын болады. Қадырдай ақынның өмірі оның жүрегінің тоқтауымен аяқталмайды, енді оның шығармашылық мол мұрасының мәңгілік ғұмыры басталып, баянын таба беретіні сөзсіз», - делінген жеделхатта.

0 пікір