Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2149 0 пікір 25 Қаңтар, 2011 сағат 05:37

Президент халыққа жоладуын жасайтын парламенттің бірлескен отырысы 28-ші қаңтарда шақырылады

Астана. 25 қаңтар. ҚазТАГ - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарабев жыл сайынғы кезекті Қазақстан халқына жолдауымен сөз сөйлейтін парламент палаталарының бірлескен отырысы 28-ші қаңтарда шақырылады.

Парламент мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановтың 24-ші қаңтарда қол қойған тиісті нұсқауы сейсенбі күні ресми басылымдарда жарияланды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тарма­ғы­ның 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті па­ла­таларының бірлескен отырысы 2011  жылғы 28 қаңтарда сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын», - делінген құжатта.

Бұрын хабарланғандай, президент жолдауы әлеуметтік мәселелерге - денсаулық сақтау, білім беру, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй - коммунальдық салаға т.б. арналады деп күтілуде.

Жыл сайын Н. Назарбаев халыққа жасайтын жолдауында елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени тіршілігінің негізгі бағыттарын айқындайды. Былтыр мемлекет басшысы 29-шы қаңтарда «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын жасап, ол бойынша 2010-шы жылы стипендия мен бюджет қызметкерлерінің жалақылары 25% көтерілген болатын.

0 пікір