Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3067 0 пікір 27 Қаңтар, 2011 сағат 06:10

Танысып қойыңыз, Құлыбаев Руслан Тимурович!

Елдің есіл-дерті референдумға айналғанда, Абдуллаев есімді азамат алаяқтықпен айналысып, айналасына ала бүлік салып жүріпті. Бірнеше кәсіпкерді қатарынан қан қақсатқан бұл сабаз елде жоқ ерекше әдіс қолданған көрінеді. 26-ы жастағы Абдуллаев өзін президент Н.Назарбаевтың жиені - Құлыбаев Руслан Тимурович деп таныстырып, ІІМ-нің лауазымды қызметкері деген жалған куәлікті төсқалтасына басыпты. Базардан полицияның арнайы формасын сатып алып, сықиып киінген ол  кәсіпкерлерді қорқытып, үркітіп бопсалап білгенін істегенге ұқсайды. Құдай-ау, енді Құлыбаев Руслан Тимуровичпін деп тұрса былайғы жұрт  оның еркіне қалай бағынбасын?..

Айдарынан жел ескен Абдуллаев Қарағандыда бір кәсіпкер әйелдің 20 мың долларын ұрласа, Алматыға соғып қалталы азаматтардың бірін "бозжорғаға" сылқита тойғызып көлігін мініп Астана тартып отырған. Сөйтіп, Павлодарға барып кезекті біреуді алдап соқпақ болған жерінен құрыққа түсіпті. Абдуллаев әлгіндей алаяқытығы мен жүрек жұтқан "батылдығы" үшін  бақандай он жылға сотталуы мүмкін

Абай болыңыздар, Құлыбаев Руслан Тимурович келіп қалмасын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371