Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3787 0 пікір 28 Қаңтар, 2011 сағат 00:55

Назарбаев туралы кітап жазған Британиялық биограф Қазақстан туралы екінші кітап жазбақшы

Астана. 27 қаңтар. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарабев туралы кітап жазған биограф, бұрынғы саясаткер Джонатан Айткен, Қазақстан туралы тағы кітап жазбақшы.

«Мен екінші кітап жазамын. Біріншісі президентке арналған, екіншісі мемлекет, Қазақстан, оның халқы туралы, яғни елде не болып жатқаны, қандай үдерістер дамып отырғаны туралы болады», - деді Дж. Айткен бейсенбі күні Назарбаев туралы қазақша кітаптың тұсау кесерінің кулуарында журналистерге.

Материал жинақтау үшін автор Қазақастанның барлық өңірлерін аралап шықпақшы.

«Мен Алматы мен Атырауда болдым, енді менде Солтүстік Қазақстан мен ауылдарда болу жоспарым бар. Яғни елдің тыныс-тіршілігінің толық бейнесін көрмекшімін, тек ірі қалалар, елорда туралы ғана емес, сонымен қатар оның барлық түкпірлерінде болуға тырысамын», - деді Дж. Айткен.

Оның айтуынша, оның кітаптары баспагерлер есебінен қаржыландырылып отыр. «Менің кітаптарымды әр кез баспагерлер қаржыландырады. Және осы жолы олар осы кітапқа дегенде аздап сақтық танытқан еді, бірақ кітап тарала бастағанда олар нәтижесіне риза болды», - деді жазушы.

Оның мәліметтерінше кітаптың орыс тілді нұсқасы 20 мың данамен, ағылшыншасы 8 мың данамен таралды. «Англияда кітап бағасы $35 тұрды. Шын мәнісінде бұл кітап қымбат кітап және оның коммерциялық табысы болды», - деді биограф.

Еске салсақ, Д. Айткеннің Н. Назарбаев туралы жазған кітабы - президент туралы батыс авторларының жазған алғашқы кітабы. Былтыр Мәскеуде кітаптың орыс тілді нұсқасының таныстырылымы өткенді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322