Азиада – 2011 ойындарының ашылу рәсімінде Қазақстан құрамасының туын алып жүретін хоккейші Жайлауов болады
Алматы. 27 қаңтар. ҚазТАГ - 7-ші қысқы Азия ойындарының ресми ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын алып жүруші «Барыс» хоккей командасының шабуылшысы Талғат Жайлауов болады, деп «7-шы қысқы Азия ойындарының ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
«Азиаданың ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының туын алып жүру «Барыс» ХК және шайбалы хоккейден ұлттық құраманың шабуылшысы Талғат Жайлауовқа сеніп тапсырылады», - делінген хабарда.
Еске салсақ, ойынның салтанатты ашылуы 30-шы қаңтарда «Астана-Арена» жабық стадионында өтеді.
Азиада - 2011 қаңтардың 30 мен ақпанның 6-сы аралығында Алматы мен Астанада өтеді.